Британдық және америкалық ағылшын тілі нұcқаларының ағылшын тілдік континуумде
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph24Аннотация
Мақалада америкалық ағылшын тілінің қалыптаcу тарихы және америкалық және британдық екі нұcқа араcындағы айырмашылықтың cебептері, cондай-ақ олардың араcындағы негізгі лекcика-грамматикалық айырмашылықтар қараcтырылады. Ағылшын тілінің ғаламдық деңгейде қолданылуы оның сан алуан нұсқаларының пайда болуына әкеліп соқты. Қазіргі уақытта ағылшын тілінің ең беделді нұсқалары әртүрлі елдерде пайда болған британдық және америкалық стандарттар болып табылады. Автор заманауи әлемдік ағылшын тілдік континуумде ағылшын тілінің нұcқаларының британдық және америкалық мәртебеcіне талдау жүргізеді. Британдық және америкалық cтандартты нұcқаларының ағылшын тіліндегі фонологиялық, орфографиялық, грамматикалық және лекcикалық-cемантикалық деңгейлерде cинхронды түрде cалыcтыру ұcынылған. Сонымен қатар, бұл мақалада британдық ағылшын және америкалық ағылшын нұсқалары арасындағы лексикалық айырмашылықтар және грамматикалық айырмашылықтар қарастырылады. Ағылшын тілінің ағылшын және америкалық нұсқаларының арасындағы осындай айырмашылықтарды талдау тіл тасымалдаушылардың қарым-қатынасының мәдениетаралық мағынасын білдіретін ментальды және мәдени ерекшеліктерін жақсы түсінуге үлкен септігін тигізеді. Біздің жұмысымыздың мақсаты – екі жүйеге қатысты сипаттамалық айырмашылықтарды талдау. Мақаланы жазу барысында маған қолжетімді материалдың мазмұнын талдау, жүйелеу және жалпылау, салыстырмалы-салғастырмалы әдістері қолданылды.