«Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» лиро-эпикалық поэмасының орыс тіліне аудару тарихы

Авторлар

  • M. K. Bisenkulov Жетысуский государственный университет им. И. Жансугурова, Казахстан, г. Талдыкорган

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph28
        224 149

Аннотация

Мақала «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» лиро-эпикалық поэмасының орыс тіліне аудару тарихына арналған. Жас жігіт пен дала сұлулығының қайғылы махаббатына арналған өлең туралы ақпарат алғаш рет 1848 жылы орыс тілінде шыққан. Мақаланың бірінші бөлімінде Барон У-р, Г.Н.Потаниннің поэма сюжетін проза түріндегі жазбаларының нұсқалары қарастырылған. Мақалада қазақ поэмасын орыс тіліне Г.В. Тверитин, Марк Тарловский және В. Потапованың поэтикалық аудармаларының ерекшеліктеріне басты назар аударылған. Автор ХХ ғасырдың 20-жылдары жасалған Г. Тверитиннің аудармасы еркін формада екенін дәлелдейді. Оның пікірінше, қара өлен (ааба) қолданған М. Тарловскийдің аудармасы қазақ эпосының мазмұнын ғана емес, көркемдік ерекшелігін сақтайды. 50-ші жылдары «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» аудармасымен айналысқан В. Потапова поэманың сюжетін орыс тілінде толық жасап қана қоймай, түпнұсқа ырғағының ерекшеліктерін, оның құрылысы мен рифма жүйесін жеткізе білді. Мақала авторы тек маңыздылығын ғана емес, сонымен бірге қарастырылып отырған аудармалардың кемшіліктерін де атап отырып, Тверитиннің аудармасында поэманың сюжетін бұрмалаушылығы көп кездеседі, Тарловский қазақ поэтикалық сөйлеуінің сипаттамаларын жеткізу үшін орыс тілінде аналогы бар көптеген қазақ сөздерін пайдаланды деп дәлелдейді, ал В. Потапова өзінің аудармасында баяндау бейнесін белгілейтін көптеген эпикалық формулалардан бас тартты деп санайды.

Жүктелулер

Как цитировать

Bisenkulov, M. K. (2021). «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» лиро-эпикалық поэмасының орыс тіліне аудару тарихы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 178(2), 208–214. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph28

Шығарылым

Бөлім

Теория перевода