Риторикалық коммуникация ретінде көркем аударма

Авторлар

  • A. M. Yessentemirova Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Казахстан, г. Нур-Султан http://orcid.org/0000-0002-3478-5139
  • S. . Petkova 2 Софийский университет им. Св. Климента Охридского, Болгария, г. София http://orcid.org/0000-0001-6830-7875

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph29
        36 49

Аннотация

Мақала аударма ісіндегі өзекті мәселенің бірі – көркем аударманың риторикалық моделіне арналған. Өзектілігіне «Автор – аудармашы – оқырман» риторикалық коммуникация аспектісінде субъектілердің риторикалық құзыреттілігінің көрінісін жинақтай отырып, дискурстық (риторикалық емес) тәсілді қолдану кіреді. Автор аударманың дәлме-дәлдік өлшемі ретінде оқырманға эмоционалдық тұрғыдан әсер етуді дәлелдеуге талпыныс жасады. Бұл мақсаты түпнұсқадағы және орысша аудармалардағы символикаларды салыстыру, көріністік және дыбыстық символиканы, тылсым күшті, мінәжат ырғағын, сандық символиканың әдет-ғұрыптық мағынасын, түстің себебін, судың мифологиялық локусын талдау көмегімен жүзеге асырылды. Басты назар мифологиялық «құстар тіліне» аударылды. Мұндай тәсіл түпнұсқа мен көшірмедегі символика, мифологиялық және руханидіни түсініктердің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік берді. Аударманың айна қатесіздігі туралы қорытынды мифологиялық поэтиканың, оның ішінде «құстар тілі» аудармашыларының дұрыстығына негізделеді. Гумилевтің аудармасынан айырмашылығы көрсетілді: ол Альбатрос бейнесінің Құдайдың елшісі екендігінен бас тартуға негізделеді, ал Левиктің аудармасынан айырмашылығы – түпнұсқада мистиканы жаңғырту. Түпнұсқа мен орысша аудармалардағы айырмашылық көріністік және дыбыстық символиканың өзара қатынасымен, оның сурет пен дыбысқа байланысы, әсерімен түсіндіріледі.

Жүктелулер

Как цитировать

Yessentemirova, A. M., & Petkova, S. . (2021). Риторикалық коммуникация ретінде көркем аударма. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 178(2), 215–222. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph29

Шығарылым

Бөлім

Теория перевода