Жамбыл Жабаев поэзиясының когнитивті аспектілері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph9
        47 76

Аннотация

Мақалада қазақ әдебиетінің классигі Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы қарастырылады. Оның өлеңдері когнитивті тәсіл тұрғысынан талданады. Бұл әдіс қазіргі әдебиеттанудағы жаңа әдістерінің бірі болып табылады. Осы мәселеге арналған ғылыми еңбектерінің жүйелеу негізінде мақалада когнитивті тәсілдің мәні мен негізгі принциптері ашылады. Автор когнитивті тәсілдің маңыздылығын, өнімділігін көрсетеді. Бұл әдісті пайдалану, біріншіден, автордың, кейіпкерлердің, оқырманның психологиясын тереңірек ашуға, олардың қоршаған орта жайлы түсініктерін көруге; екіншіден, ақынның ойлау механизмдерін және олардың шығарма поэтикасының түрлі деңгейіндегі көрінісін түсінуге мүмкіндік берді. Жұмыста лирикалық кейіпкердің ішкі әлемін модельдеу тәсілдері, оның ойлауы мен дүниетанымының ерекшеліктері, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы сипатталады. Ақын өлеңдерінде көрініс тапқан менталдық кеңістікке талдау жасалады. Ж. Жабаев пен А. Құнанбаевтың шығармаларын салыстыру негізінде оның жеке-авторлық әлем суретінің ерекшеліктері ашылады. Оның болмыс пен тұлға тұжырымының ерекшелігі сипатталады. Жамбыл Жабаев шығармашылығында бейнеленген образдар жүйесі талданады. Ақынның дүниетаным көзқарасына әсер еткен факторлар, оның шындықтың құбылыстары мен оқиғаларын қабылдауы, менталдық кеңістігін құру ерекшеліктері ашылады. Ж. Жабаев шығармаларын когнитивті тәсіл тұрғысынан зерттеу мысалында көркемдік шығармашылықты, сөз өнерінің табиғатын түсінуді және жазушының ұлттық ерекшелігін зерттеудегі аталған әдістің тиімділігі мен болашағы негізделеді.

Жүктелулер

Как цитировать

., A. T. (2021). Жамбыл Жабаев поэзиясының когнитивті аспектілері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 181(1), 82–93. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph9

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение