Қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі тарихи рөлі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph13Аннотация
і бірнеше ғасырлар бойы жалғасқан түрлі субэтникалық үдерістердің қалыптасудың жолымен жүрді. Кез келген этникалық тілді зерттеу үшін осы этностың табиғатын жақсы білу қажет екендігі таңқаларлық жайт емес. Кез келген этникалық тілдің бастапқы негізін танып білу үшін тек ішкі лингвистикалық заңдылықтарды білу жеткіліксіз және оның негізгі тамыры ғасырлар бойы осы тілде сөйлеп келген этностардың мәдениетіне, тарихына, дініне және өмір салтына тікелей байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Сонымен, этникалық тілді, мәдениет пен таным мен тарихты бірлестіріп зерттеу арқылы ұлттық тілді зерттеу тәсілі лингвистика саласында антрополингвистика, психолингвистика және когнитивтік, әлеуметтік лингвистика сияқты мүлдем жаңа бағыттардың тууына әкелді. Қазақ халқының этногенезіне негіз болған, ұлттың қалыптасуына ықпал еткен, тайпалар мен халықпен қолданылған сол кездегі тіл қазіргі қазақ тілінің тарихи негізі болып саналады. Қазақ хандығының құрамына енген барлық туыс тайпалық топтардың бірігуі мен кірігуі нәтижесінде (Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Арғын, Дулат, Шапырашты, Жалайыр, Сіргелі, Албан, Суан, Қоңырат, Найман, Керей, Алшын, т.б.) ұлттық қазақ тілінің монолитті интеграциясын құрып, жалпы тілдік құрылымға ие болды. Зерттеудің мақсаты – қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі тарихи рөлін анықтау болды.