Жаhанданудың қазіргі тілдердің лексикалық қорының байытылуына әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph16
        80 76

Аннотация

Мақалада ағылшын және басқа тілдер материалы негізінде жаһанданудың лексикалық қорды байытуға әсері қарастырылады. Бүгінгі таңда әлем экономикалық және саяси жағынан қарқынды түрде өзгеруде. Аталған жайт қазіргі заманғы қарым-қатынас құралдары мен өндіріс технологияларына деген сұраныстың артуына әкеледі. Әлемдік тілдердің бірі ретінде ағылшын тілі жүргізіліп жатқан жаһандық экономикалық жаңғырту және индустриялық дамумен тығыз байланысты. Тәуелсіздік алғаннан кейін ТМД мемлекеттері әр түрлі елдермен тең дәрежеде қатынас орнатуға мүмкіндік алды. Бұл қатынастар экономикалық және саяси факторлармен қатар, елдердің тарихи және мәдени ерекшеліктеріне негізделді. Оған қоса, интеграциялық үдеріс барысында тілдік фактор шешуші рөл атқарады. Қоғамдағы өзгерістер тілге тікелей әсер етеді. Түрлі жаңашылдықтар әлемде, соның ішінде кез келген тілдің сөздік қорында әр түрлі бағытта өзгерістердің орын алуына алып келеді. Тіл – әлеуметтік құбылыс, ол қоғаммен бірге өмір сүреді және дамиды. Әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың өзгеруіне, ғылым, техника және мәдениет саласындағы үздіксіз жаңалықтардың пайда болуына байланысты тілде жаңа сөздер көптеп пайда болуда. Тілдің сөздік қоры үнемі өзгеріп, өсіп, байып отырады. Талдау нәтижелері көрсеткендей, жаһандану процесі неологизмдердің пайда болуына ықпал етеді.

Жүктелулер

Как цитировать

Farhadova, G. I. (2021). Жаhанданудың қазіргі тілдердің лексикалық қорының байытылуына әсері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 181(1), 143–150. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph16

Шығарылым

Бөлім

Языкознание