Ағылшын тілін меңгерудегі оқушылардың ана тілі функциясы бойынша оқу дағдылары мен ынталандыруларын дамыту: Қазақстан негізінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph17
        126 120

Аннотация

Мақалада Қазақстандағы оқушылардың ағылшын тілін меңгерудегі білім дағдыларын арттыруда тәжірибенің тиімділігі қарастырылып, Еуропалық білім беру стандартына қатысты білімді жетілдіру мен дамытудың талаптары көрсетілген. 2009 жылдан Қазақстан халықаралық студенттерді бағалау бағдарламасына (PISA) қатыса бастаған кезден қазақстандық 15 жастағы оқушылардың оқу сауаттылығы бойынша төмен нәтижелері (2009 ж. M = 390, 2018 ж. M = 387) сауаттылықты дамыту және білім сапасы тұрғысынан алаңдаушылық туғызуы мүмкін (OECD, 2020), өйткені білім алушылар «қоғам істеріне толығымен қатысу үшін қажетті негізгі білім мен дағдыларды» ала алмаған (PISA, 2018). Оқу сауаттылық бөлімінде төмен көрсеткіштер мәселесі әлі де орын алып, өзекті болып тұрғаны ескеруді қажет етеді, өйткені оқу адамның академиялық және интеллектуалды процестерін дамытуда маңызды бөліктердің бірі болып табылады. Оқу саласындағы теориялық негіздері мен кезеңдерге қысқаша шолу ұсынылып, сонымен қатар орта деңгей жасындағы оқушылар арасындағы ағылшын тілінде шет тілі ретінде оқу дағдыларын ынталандыратын және дамытатын факторлар анықталып, талқыланады. Атап айтқанда, оқушылардың ағылшын тілін шет тілі ретінде (AШТ) оқуын тиімді меңгеруіне жол бермейтін Қазақстандағы орта білім беру жүйесіндегі кемшіліктер мен олқылықтарды анықтау. Сонымен, бұл зерттеудің басты мақсаты – окушылардың оқу сауаттылығында төмен нәтижелерге ие болатын ағылшын тілін орта деңгейде оқып-үйрену мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеу, осыған қандай мәселелер окушылардың ағылшын тілін меңгеруде оқу деңгейін көтеруге кедергі  болатындығын анықтау және сол бағыттар арқылы Қазақстан жағдайындағы ағылшын тілін оқу дағдыларын одан әрі үйренуді бағалаудың негіздерін құруға тырысу.

Жүктелулер

Как цитировать

Akhmetova, A. B., Imambayeva, G. ., & ., B. C. (2021). Ағылшын тілін меңгерудегі оқушылардың ана тілі функциясы бойынша оқу дағдылары мен ынталандыруларын дамыту: Қазақстан негізінде. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 181(1), 152–161. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph17

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы