Тыңдалым мәтіндерін іріктеу және оларды бейімдеу түрлері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph18Аннотация
Мақалада тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған мәтін таңдау мен бейімдеу жолдары сөз етіледі. Тыңдалымның сәтті жүзеге асуы тыңдаушының белгілі бір тілдік дағдыларды қалыптастыруына байланысты қарастырылады. Тыңдаушының мәтіндегі негізгі ұғымды қабылдауы, оны қосымшадан бөліп алуы, хабарламаны белгілі бір қарқынмен және белгілі бір ұзақтықта есте сақтауы, тілдік және мағыналық болжам жасауы, қарым-қатынас жағдаятын түсінуі және т.б. проблемалар, тыңдалым мәтіндерін түсінуге кедергі келтіретін білім, білік дағдылары талданады. Тыңдалымға арналған мәтіндер оқиғаны түсінуге, оның мағынасын қабылдауда тілді кеңейтуге, тілдік білімді толықтыруға, жаттықтыруға, яғни жаңа тілдік материалды бекітуге қызмет етеді. Мәтін таңдау мен іріктеу тілді меңгертудің тиімділігін арттырады. Ол үшін аутентті мәтіндерді тілдік мақсатқа сай дұрыс іріктей алу керек. Тыңдалым мәтіндерінде коммуникативтік жағдаяттарды анықтайтын құрылымдық бөліктер (түрі, стилі) басшылыққа алынады. Мәтіндегі шынайы оқиға, өмір, тіл үйренушінің қызығушылығын оятып, пікірталасқа түсуге жетелейді. Сондай-ақ аутентті мәтіндер ауызша сөйлеудегі табиғи интонацияны, мысалы, шамадан тыс эмоционалдылық, бейнелілік, сипаттамаларымен шынайы эмоцияны сипаттайды. Мақалада авторлар аутентті мәтіндердің негізгі аспектілерін, аутентті емес мәтіндерден айырмашылығын, оны аудиторияға бейімдеудің жолдарын көрсетеді. Мәтінді бейімдеу себептері мен тәсілдеріне талдау жасайды.