Қазақ тіліндегі мақтау-марапаттау тілдік бірліктерін зерттеу бағыттары.
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph1Аннотация
Мақалада мақтау-марапаттау тілдік бірліктері мен олардың прагматикасын, функциясына
байланысты жіктелімдері жалпылай қарастырылады. Бағалау тілдік бірліктерінің семантикалық
тарамдалуы туралы сөз болады. Кез келген тілдегі мақтау-марапаттау тілдік бірліктерінің мәні
коммуникацияда ашылатындығы көрсетіледі. Сонымен қатар қолданыс аясына байланысты
стильдік ерекшелігін, тұлғалық құрылымы жағынан грамматикалық сипатын, адамға қатысты
айтылып, адам қалыптастыратындықтан антропоөзектілігін, түпкі стратегияның орындалуы
жағынан прагматикалылығын және т.б. бағыттарын зерттей алу мүмкіндігі бар екендігі, соған
сәйкес өзектілігі бағамдалады.
Мақтау-марапаттау тілдік бірліктері – бағалау тілдік бірліктері деген үлкен категорияның бір
бөлшегі. Сондықтан олар әлеуметтік сипатқа, мәнге ие болады. Әлеуметтік сипаты мәтін ішіндегі
контекске сәйкес прагматикасын анықтауға көмектеседі. Сыпайы мәнде жұмсалатындығы негізгі
мағынасынан туындаса, белгілі бір жағдаятқа сәйкес кекету, мұқату мәндерін де айқындауға
болады.
Семантикалық сипатына қарай 1) жағымды, жағымсыз мәндегі; 2) грамматикалық сипатына
байланысты зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, етістік, одағай сөздер арқылы берілетін; 3)
прагматикалық сипатына орай тура және ауыс мәнде қолданылатын; стильдік қолданысы
тұрғысынан барлық стиль түрлерінде кездесетін мақтау-марапаттау тілдік бірліктері бар екендігін
көруімізге болады.
Мақалада мақтау-марапаттау тілдік бірліктерін жинақтап, сөздік құрастыру қажет екендігі
айтылады.