Психолингвистикадағы ғылыми мәтінді талдау: жалпы шолу және алдын ала тұжырымдар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph6
        60 56

Аннотация

Мақала қазіргі тіл білімі үшін өзекті мәселе – кең ауқымды ақпарат және білім кеңістігіндегі ғылыми мәтінді түсіну және қабылдау мәселесіне арналған. Зерттеу ғылыми мәтіннің ерекшеліктерін және ғылыми ақпаратты қабылдау мен түсінуге байланысты мәселелерді қарастыруға, сондай-ақ пайда болатын коммуникативті қиындықтарды жеңудің мүмкін жолдарын анықтау мақсатында аналитикалық сипатқа ие. Мақалада мәтінді семантикалық қабылдау саласындағы маман ғалымдардың психолингвистикалық зерттеулеріне шолу жасалып, ғылыми мәтінді мәтіннің күрделі нақты бір түрі ретінде түсіну процесінің ерекшелігі қарастырылады. Бүгінгі таңда ғылыми мәтінді, атап айтқанда, ғылыми мақалаларды жазу біздің еліміздің академиялық кеңістігінде өзекті мәселе болып табылады. Ғылыми дәреже алу үшін жас зерттеуші Scoрus, Wеb of Scіеncе мәліметтер базасының тізіміне кіретін халықаралық журналдарда міндетті түрде жариялануы тиіс. Бұл талаптар тек білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар біздің ЖОО оқытушыларына да қатысты. Қазақстан отандық ғалымдар танымал болуы және дәйексөз алуы үшін халықаралық академиялық кеңістікке енуге ұмтылады, бұл ретте зерттеушілер осындай ғылыми жарияланымдарға қойылатын халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін мәтін жазу, әдістерді, негізгі сөздерді іріктеу, сондай-ақ оқырманның, рецензенттің ғылыми мәтінді қабылдауы мен түсінуі және т. б. сияқты проблемаларға тап болады.

Жүктелулер

Как цитировать

Kurmаnbеk Y. D., & Іbrаyеvа Z. K. (2021). Психолингвистикадағы ғылыми мәтінді талдау: жалпы шолу және алдын ала тұжырымдар. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 182(2), 49–56. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph6

Шығарылым

Бөлім

Языкознание