Қазақ поэзиясындағы тәуелсіздік идеясы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph13Аннотация
Бұл мақалада тәуелсіздік жылдарында поэзиялық шығармаларға арқау болған әлеуметтік тұрмыс, ұлт тағдыры, халық жағдайы суреттеледі. Адамзат баласы жаралғалы бері, өзінің бас еркіндігі, елінің тәуелсіздігі үшін жан аямай күресіп келеді. Азаттық таңын аңсау мен оған жету жолындағы қоғамдық күрестер һәм олар туындатқан тарихи оқиғалар – бүгінгі егеменді еліміздің қара шаңырағының рухани уығының бір парасы болатын поэзиялық шығармалардың даму, қалыптасу, өрлеу жолдарына әсері бар ма және тәуелсіздік ақындар шығармашылығына қандай өзгерістер мен ерекшеліктер алып келді, соны зерделеу. Тәуелсіздік кезеңіндегі ақындардың шығармашылық бағыты, қамтыған тақырыптары, жекелеген ақындар шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихынан алар орнын анықтап, поэзиялық ерекшеліктерін қарастыру. Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың поэтикалық ерекшеліктерін пайымдау, жекелеген ақындар шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихынан алар орнын анықтау. Тәуелсіздік идеясы туралы отандық және шетел ғалымдарының пікірі салыстырылып қарастырылады. Зерттеу мақсаты: тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының көркемдік сипаты мен жанрлық-поэтикалық-мәтіндік ерекшеліктеріне жан-жақты зерттеу жүргізу. Тәуелсіздік жылдарында поэзия әлеміне келген жас ақындардың шығармашылығын, олардың негізгі қалыптасу арналарын, даму сипатына сай жұмыстар жүргізу. Тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясында жанрлық, поэтикалық өзгерістер негізі мәдени интенсияны кодтап, поэтикалық шығармашылыққа жеке-дара мағына беріп, қазіргі замандық мәтін аясындағы ұлттық және кірме жанрларды жақындастырып, қазіргі замандық тіл мәдениетінің көркем эстетикалық күшін ерекшелейді.