Этномәдени бірліктерді оқытуда қолданылатын тиімді әдістер

Авторлар

  • A. A. Nazarbekova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-3691-3154

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph17
        48 208

Аннотация

Адам танымы қоршаған ортасына, өмір сүріп отырған ұлтына, мемлекетіне, айналасындағы табиғатына, дініне, діліне, ұлттық құндылығы мен ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүріне тікелей байланысты. Осыдан келіп әр халықтың өзіне тән, тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен өмір-тіршілігін, тұрмыс-салтын, дәстүрлеріне байланысты дүниетанымдық, рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын этномәдени бірліктерден іздестіру - бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Рухани жаңғыруға қарқынды бет алған тұста қазақтың ұлттық құндылықтарын меңгерту, соның ішінде тілдік жүйедегі этномәдени атаулардың мәні мен мағынасын түсіндіру, олардың бастапқы мағынасы қандай болғанын, бүгінгі күнге дейін қалай өзгергенін, тілімізде ұзақ жылдар бойы қай мағынада сақталғанын анықтау терең ізденісті талап етеді. Этномәдени бірліктердің дені материалдық және рухани мәдениет атаулары болғандықтан қазіргі қолданыста жиі кездеспейді. Ал оқушылардың тілдік қорында күнделікті кездескен бұйымдары мен әрекеттері, жағдаяттармен шектеліп келеді. Оның үстіне ғылыми-техникалық прогресс легімен енген шеттілдік сөздермен толығып келеді. Ендеше әрбір қазақ баласы ошақ, бақыр, айтұяқ сияқты лексикалық бірліктердің көмескіленген мағынасын түсініп, абдыра мен сандықтың, бесті мен дөненнің айырмашылығын ажырата білуі тиіс. Сол үшін әсіресе қазақ тілі сабағында этнографизмдерді оқытудың оңтайлы тәсілдері жіті зерттелуі қажет. Мақаланың өзектілігі де осы мақсатты көздейді.

Жүктелулер

Как цитировать

Nazarbekova, A. A. (2021). Этномәдени бірліктерді оқытуда қолданылатын тиімді әдістер. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 182(2), 162–170. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph17

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы