Маманның сөйлеу құзыреттілігінің модель құрудағы интегративті тәсілі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph6Аннотация
Мақалада кәсіби саладағы мамандардың сөйлеу байланысының заманауи моделін құруға пәнаралық тәсілдің қажеттілігі туралы мәселе қарастырылады. Бұл мақаланың мақсаты әртүрлі ғылыми білім мен компьютерлік технологияларды синтездеу арқылы қазіргі қоғамда олардың кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына үлкен әсер ететін мамандардың сөйлеу мәдениетінің деңгейін анықтау болып табылады. Жұмыста маманның кәсіби байланысын модельдеу әдістері егжей-тегжейлі сипатталған, алдыңғы модельдерге, олардың ерекшеліктеріне талдау жасалған. Ғылыми әдебиеттерді жалпылау негізінде «модель» ұғымының мағынасы ашылады. Сонымен қатар, отандық және шетелдік ғылыми әдебиет көздерін зерделей отыра, аталмыш зерттеу мәселесі пәнаралық маңыздылығын анықтады. Авторлар кәсіби қызметте коммуниканттардың моделін жасау кезінде коммуникацияның барлық сыртқы және ішкі факторларын ескеру қажет деп санайды. Авторлар мамандардың сөйлеу құзыреттілігінің моделін жетілдіру бойынша жұмыс ғылыми жоба аясында жалғасатынын атап өтті. Математикалық әдістер мен компьютерлік бағдарламаларды қоса алғанда, сөйлеу құзіреттілігін зерттеудегі интегративті тәсілдің тиімділігі мен болашағы негізделеді, маманның сөйлеу мәдениеті деңгейін дәл өлшеу үшін қажетті дәйекті әрекеттердің нақты алгоритмін жасауға мүмкіндік береді, бұл маманның кәсіби имиджі мен сұранысын арттыруға әсер етеді. Авторлардың пікірінше, бұл модель бәсекеге қабілетті маманның негізгі құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді, жеке өсудің дамуын қамтамасыз етеді.
Түйін сөздер: интегративті тәсіл, коммуникация, модель, сөйлеу құзыреттілігі, кәсіби қызмет.