Қазіргі мистикалық шығармалардағы тотемдік бейнелердің символдық мәні

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph9
        44 412

Аннотация

Мақалада авторлар қазіргі мистикалық шығармалардағы фольклорлық мотивтер мен тотемдік бейнелердің көркемдік қызметі мен қолданылу ерекшелігін қарастырған. Әңгімелердегі тотемдік ұғымдардың символдық мәнін айқындау үшін әдебиет пен мифтің, фольклордың өзара байланысы мен ерекшелігі көрсетілген басты қайнаркөздер негізге алынған. Мистика ұғымының әдеби-эстетикалық, философиялық, діни аспектілері мен мән-мазмұны түсіндірілген. Ғылыми парадигмадағы мистикалық туындыларға қатысты түсініктер негізінде жеке зерттеулік пайымдаулар мен тұжырымдар ұсынылған. Авторлар тәуелсіздік тұсында жарық көрген мистикалық микросюжетті туындылардағы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді ашып көрсетумен қатар, жазушылардың ойды тұспалдап жеткізуде қолданған фольклорлық жанрлардың (аңыз, миф, магия, фэнтези, бақсылық сарын) көркемдік, поэтикалық қызметін айқындауға тырысқан. Мистикалық прозадағы фольклорлық мотивтерді интерпретациялау үшін Тұрсынжан Шапайдың «Әулие ағаш», Нұрғали Ораздың «Теріс ағаш», Мақсат Мәліковтің «Бассыз бөрі», Қанат Әбілқайырдың «Жылан кегі» және Лира Қоныстың «Ібілістің көңілдесі» туындылары зерттеу нысанына алынып, жылан бөрі, және ағаш символдарының әдеби-эстетикалық мәні талданған. Аталған әңгімелердегі фольклорлық тотемдік ұғымдардың көркемдік амал ретіндегі қызметімен қоса, утилитарлық және тәрбиелік функциясының рөлі ғылыми тұрғыда сараланған. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі мәтінаралық мәтін ретіндегі аңыз, мифтік тотемдердің эстетикалық қызметін салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыда жан-жақты талдап көрсетілген. Әңгімелердегі мистикалық және фольклорлық сарындардың тоғыспалы ықпалда көрінетін элементтер алғаш рет қарастырылды. Халық дүниетанымы мен сенім жүйесіндегі тотемдік ұғымдардың көркем мәтін негізінде қайта жаңғыру жолдарына баса мән берілген.

Түйін сөздер: мистика,  мотив, тотем, символ, миф.

Жүктелулер

Как цитировать

, G. A., & ., A. A. (2021). Қазіргі мистикалық шығармалардағы тотемдік бейнелердің символдық мәні. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 183(3). https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph9

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение