Оқырмандардың қызығушылығын қазақ авторларының шығармаларына баулу және үйрету
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph10Аннотация
Мақалада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру, яғни «Мәдениетаралық білім беруді модернизациялау жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін дамыту және кеңінен насихаттау» атты жобасының нәтижелері (IRN AP08957331) көрініс тапқан. Жоба көрнекті қазақстандық зерттеуші Ш.Уәлихановтың мәдени және көркем мұрасын үйренуге және танымал етуге бағытталған. Жобаның міндеттері оқырманның қазақ жазушыларының шығармаларына деген қызығушылығын қамтыды. Алайда, әдебиеттерді талдау нәтижесі көрсеткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда халық арасында эдебиеттерді оқу бойынша ауқымды зерттеулер жоқтың қасы.
Зерттеу нәтижелерін өңдеу барысында біз бірнеше өзара байланысты міндеттерді шештік, соның ішінде: қазақ әдебиетіне қатысты респонденттердің оқу сауаттылығының деңгейін және олардың оқу мәдениетінің ерекшеліктерін анықтау. Сауалнамаға әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы 334 адам қатысты. Сауалнамада 23 сұрақ болды. Жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің жалпы оқу кезеңінде жоғары қызығушылықтары бар; алайда, қазақ авторларының шығармаларына бұл қызығушылықты жоғары деңгейде деп атауға болмайды. Қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылығының төмендігіне қарамастан, сауалнамашылар қазақ авторларының туындыларын жақсы деңгейде білетіндіктерін көрсетті.
Түйін сөздер: оқырмандық қызығушылық, мәдени мұра, әдеби мұра, оқылым.