Ағылшын тілі аясында қашықтан білім беру және электронды резурстардың тиімділігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph16Аннотация
Бұл мақала ақпараттық телекоммуникациялық жүйе арқылы қашықтықтан білім берудің ерекшеліктерін қарастырады. Кез келген деңгейдегі білім беру ұйымдары мен мекемелері үшін кеңінен қолданылып келе жатқан қашықтықтан білім беру бағдарламасы барлығымызға белгілі. Университет студенттері үшін бұл интернет арқылы оқу өте оңай әрі тиімді болды. Бұл жағдайда біз қашықтағы форматты үйренудің артықшылықтары туралы зерттеуді жөн көрдік. Осы жұмыста біз студенттер арасында сауалнама жүргіздік: дәстүрлі немесе қашықтықтан / онлайн желіде оқыған тиімді ме? Нәтижесінде интернет-ресурстарды пайдалану мүмкіндіктері қашықтықтан білім беруде орасан зор екенін көрсетті. Осы тұста біз қашықтықтан оқытудың артықшылықтарын растау үшін қосымша ақпарат жинадық. Ғаламдық Интернет студенттер мен оқытушыларға қажетті ақпараттарды алуға, сонымен қатар жан-жақты, тұлға болып қалыптасуға арналған жағдай жасап отыр. Зерттеудің мақсаты – шетел тілін оқыту пәніне негізделген тиімді нәтижелерді көрсету болып табылады. Шетел тілін онлайн режимінде үйрену студенттерге ақпараттық технологияларды жоғары деңгейде қолдануға мүмкіндік берді, сонымен қатар дәстүрлі форматқа қарағанда ыңғайлы болды. Интернеттегі және бетпе-бет сабақтардағы студенттердің арасындағы айырмашылық өте үлкен, әсіресе тіл үйрену факультеттерінде. Осы тұста студенттер мен мұғалімдер үшін онлайн-оқыту технологияны қолданудың артықшылықтарын атап өтуді жөн көрдік. Түйін сөздер: интернет-қашықтықтан білім беру, интернет-технологиялар, өзін-өзі тәрбиелеу, мотивацияны арттыру, электронды оқыту технологиялары, онлайн-желілік оқыту ресурстары.