Орыс саяси дискурсындағы метафораның эмоциотивтілік ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph2
        109 88

Аннотация

Мақалада қазіргі саяси дискурстағы метафораның функциялары нақты мысалдармен
талданған және Ресейдің екі Президентінің саяси сөйлеуінде эмотивтілік туралы айтқанды ескере
отырып, орыс саяси метафорасының негізгі түрлері және олардың модельдері қарастырылған.
Сол негізде, қазіргі заманғы саяси дискурста “ауру”, “аспаздық”, “адам”, “ойын” және “театр”
ұғымдарының метафоралары жиі қолданылатындығы көрсетілген. Кез келген жағдайды жеткізу
үшін метафораларға жүгіну өте ыңғайлы, олар бір жағынан сөйлемді едәуір жұмсарта алады,
екінші жағынан оны бейнелі түрде жеткізе алады. Метафора – адресаттың санасына әсер етудің
және оның әлемнің саяси бейнесін қайта құрудың қуатты құралы. Метафораны қолдану және
оны мәтінде ерекшелеудің әртүрлі тәсілдері оның семантикалық және эмоционалды тұтастығын
қамтамасыз етеді. Зерттеушілер эмоциялардың саяси таңдауларға әсері мәселені ұтымды
түсінуден кем түспейтінін айтады. Дегенмен, көбінесе адам эмоциялардың әсерінен қандай да
бір шешім қабылдайды және біраз уақыттан кейін қабылданған шешім үшін ұтымды түсініктеме
табуға тырысады. Негізгі метафоралық модельдерді қолдану ерекшеліктері ресейлік қос саяси
қайреткердің В.В. Путин және Д.А. Медведевтің сөйлеген сөздері, сұхбаттары мен мақалалары
негізінде келтірілген.
Түйін сөздер: эмотиология, метафора, эмотивтілік, эмоция, таңдану, саяси дискурс, метафора
функциялары.

Жүктелулер

Как цитировать

Anumyan, K. S., Martirosyan2, A. V., & Ohanyan, K. A. (2021). Орыс саяси дискурсындағы метафораның эмоциотивтілік ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 184(4). https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph2

Шығарылым

Бөлім

Языкознание