Қазақ студенттерінің орысша сөйлеуіндегі род бойынша координациясының бұзылуын корпустық зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph6Аннотация
Мақала қазақ студенттерінің орысша мәтіндерінде кездесетін зат есіммен білдіретін
бастауыштар мен баяндауыштардың әртүрлі типтері арасындағы тек (род) бойынша координациясының
бұзылуын сипаттауға арналған. Мақаланың мақсаты – типтік ауытқуларды анықтау
және оларды тудыратын факторларды белгілеу. Материалдың дерек көзі Орыс тілі оқу
корпусының қазақ тілі корпусшасы (www.web-corpora.net/RLC) болды. Корпустағы род бойынша
координациялардың бұзылуының әртүрлі фактілерін белгілейтін AgrGender тегінің көмегімен
координацияның бұзылуы мысалдары алынды, содан кейін қойылған міндеттерге сәйкес бұл
мысалдар жіктелді, таңдалды және статистикалық өңдеуден өтті. Род бойынша координациялардың
бұзылуы кездейсоқ емес деп тұжырымдалады: олар орыс тілінде қолданыстағы үйлестіру
стратегиясын игерудің күрделілігімен және грамматикалық род категориясының формальды
сипатымен түсіндіріледі. Мақалада бастауыштардың, баяндауыштардың етістікті және есімдікті
бөліктерімен координациясының жансыз зат есім әсерінен бұзылуы, семантикалық үйлесімділік
стратегиясының кеңеюі, келісім контроллерінің дұрыс таңдалмауы, сөйлемнің негізгі мүшелерінің
дистантты орналасу жағдайлары және т.б. сипатталған. Жалпы алғанда, координацияның
бұзылыстары
атрибутивті сөз тіркестеріндегі үйлестіру бұзылыстарынан ерекшеленеді. Қазақ
студенттердің орыс тіліндегі мәтіндеріндегі род бойынша координациясының бұзылуын зерттеу
билингвтерді зерттеу тұрғысынан да, орыс тілін шет тілі ретінде оқыту тұрғысынан да қызықты
болуы мүмкін.
Түйін сөздер: орыс тілі, Орыс тілі оқу корпусы, род бойынша координация, қазақ-орыс
билингвизмі, жазбаша мәтін.