Қазақ тіліндегі алғашқы түсіндірме сөздіктердің инструкциялары
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph8Аннотация
Қазақ лексикографиясының тарихи негіздері берік болған жағдайда оның болашақтағы даму жолы да жарқын болмақ. Ұлт тілінің кемелдену кезеңінің басты көрсеткіштерінің бірі – ұлттық тілде түсіндірме сөздіктердің жасала бастауы екендігі даусыз. Осы тұрғыдан қазақ тіліндегі түсіндірме сөздіктердің түзілу тарихын зерделеу ісі – қазіргі таңдағы маңызды шаруалардың біріне айналып отыр. Түсіндірме сөздіктер түзілмес бұрын олардың инструкциялары жасалады. Мақалада қазақ тілінде алғаш рет академиялық басылым болып шыққан түсіндірме сөздіктердің 1945 және 1953 жылғы инструкциялары туралы сөз болады. Бұл инструкциялар түсіндірме сөздіктің жобасын айқындауға жәрдем етіп, реестрге алынатын сөздерді сұрыптауда нұсқаулық болды. Өз кезегінде қазақ лексикографиясының алға қарай дамуына септігін тигізді. Мақаланы жазу барысында сипаттамалы, салыстырмалы, салғастырмалы, талдау әдістері қолданылды. Инструкциядағы әр тақырыптар жеке-жеке талданады. Инструкция жарыққа шыққаннан кейін‚ 5-6 жыл өткен соң (1959) қазақ тілінің алдын ала жоспарланған бір томдық түсіндірме сөздігінің бірінші кітабы‚ тағы екі жылдан соң (1961 жылы) екінші кітабы басылып шықты. Бұл екі томдық сөздік – шын мәнінде сол кезеңдегі әдеби тілдің сөздігі болды. Сөздіктің мақсаты – қазіргі қазақ әдеби тілінің негізгі сөздік қорындағы барлық сөздерді‚ сөздік құрамдағы жиі қолданылатын сөздердің денін қамтып‚ жеке сөздердің мәнін‚ сырын‚ сипатын ашу‚ мағыналарына түсініктеме беру екендігі аталады. Алғашқы екі инструкцияда басшылыққа алуға ұсынылған лексикографиялық шешімдер сол кезеңдегі еліміздегі аталмыш саланың даму деңгейінен хабар береді. Түйін сөздер: лексикография, түсіндірме сөздік, сөздіктің құрылымы, сөздіктің мақсаты, сөздік мақала