Орфографиялық сөздік: лексикографиялық принциптер және ортологиялық талдаудың межелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph11
        53 316

Аннотация

Дербес лингвистикалық ғылым ретіндегі ортология тіл мәдениеті және тілдік норма салаларының аспектілерімен тығыз байланыста екендігі белгілі. Тіл мәдениетінің деңгейін көтеру және қазіргі ауызша және жазба коммуникацияда базалық норманың сақталуын жоғары деңгейде ұстау үшін ортологиялық құралдардың, оның ішінде емле сөздігінің рөлі маңызды. Емле сөздігі тілдің диахронды-синхронды жағдайының, тұтастай алғанда, қоғамның дамуы мен эволюциясының көрсеткіші болып табылады. Осы себепті дамыған елдерде емле сөздігі толықтырулар мен өзгерістер енгізілу арқылы жиі жарық көреді. Қазақ тілінің қазіргі дамуын перспективалы деп атау керек, өйткені тілдік жағдаятты өзгертетін, нормаландыруға, стандарттауға, жаңғыртуға бағытталған қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қазақ тілінің үлкен орфографиялық сөздігінің жаңа басылымы әзірленуде, ол алдыңғы басылымдардан лексикогрфиялық принциптердің жетілдірілгендігі арқылы айрықшаланады. Мақалада негізгі лексикографиялық принциптер (лексемалардың іріктелуі, жарыспалы қатарлардың орналасуы, грамматикалық ақпарат, мағыналарды түсіндіру үшін қолданылған графемалар мен шартты таңбалар, тыныс белгілері және т.б.), сондай-ақ жекелеген тілдік бірліктердің норма екендігін және қалыптанғанын сипаттау мақсатында ортологиялық талдау жүргізіледі. Түйін сөздер: емле сөздігі, нормативтік меже, қолданыс жиілігі межесі, жүйелілік принципі, ғылыми меже, негізгі сөз, сөздің ұясы, белгісөз.

Жүктелулер

Как цитировать

Temur, N. ., & Aldash, A. . (2021). Орфографиялық сөздік: лексикографиялық принциптер және ортологиялық талдаудың межелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 184(4). https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph11

Шығарылым

Бөлім

Языкознание