Абай ілімін білу, түсіну және қолдану..

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph13
        104 699

Аннотация

Мақалада Абай ілімінің басты категориялары, олардың мазмұны, өзара байланыстары жүйеленді. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу жұмыстары түрлі бағытта, түрлі ғылым салаларында жүргізілді және жүргізіліп келеді. Абайдың өмірі мен шығармашылығын тану мен танытуға арналған көптеген монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары, мақалалар жинағы, конференция материалдары жарық көрді. Шетелдерде бірқатар еңбектер жарияланды. Соған қарамастан Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу саласында шешімін күтіп жатқан өзекті, әлеуметтік маңызы зор ғылыми мәселелердің бірі Абай ілімі. Абайтану саласында бүгінгі күнге дейін жасалған жұмыстарда көптеген ірі мәселелер шешілді, зерттеу жұмыстары жалғастырылуда. Бірақ Абай мұрасын Абай ілімінің құрылымдық жүйесі мен пәнаралық өрістерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмеген-ді. Ал Абайдың ілімінің пәнаралық өрістері мен бірбүтін құрылымдық жүйесін анықтау, сөйтіп Абай ілімін білу, түсіну және қолдану әлеуметтік, қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласында маңызды жетістік болатыны анық. Күтілетін ғылыми нәтижеге жету жолындағы зерттеу жұмыстары Абай ілімін зерттеу мен эстетикалық қабылдаудың методологиялық ұстанымдары түсіну (герменевтика), пайымдау (интерпретация), бағалау (оценка) аясында негізделді. Абай ілімінің өлшеу құралы сарапталып, оның құрылымы анықталып, ғылыми сипаттамасы жүйеленді. Түйін сөздер: Абай ілімі, концепт, түсіну, пайымдау, бағалау, білім, сенім.

Жүктелулер

Как цитировать

Dadebayev, Z. D. (2021). Абай ілімін білу, түсіну және қолдану. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 184(4). https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph13

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение