Тәуелсіз Қазақстандағы аударматану ахуалы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph21Аннотация
Мақалада Тәуелсіз Қазақстандағы аударматану ғылымының даму тарихы, аударматанудың өзекті мәселелері, жетістіктері мен кемшіліктері жан-жақты қарастырылады. Аударма қиын да қызықты өнер. Аударма әркімнің қолынан келе бермейтін де қиын да жауапты іс. Мақалада аударматану ғылымы тәуелсіздік жылдарында қалай дамыды, аудармаға байланысты қандай ғылыми зерттеулер пайда болды т.б. тақырыптарға шолу жасалады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымдарының аударматану ғылымына қосқан үлестері нақты көрсетіледі. Аударма ғылымын өркендетуге арналған бірнеше ұсыныстар да беріледі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жолдаулары мен мақалаларындағы аударма туралы айтылған пікірлері мен Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жарияланған ғылыми еңбектер, көркем әдебиет нұсқалары сараланады, аудармашылар туралы мәліметтер беріледі. Тәуелсіздік алғаннан кейін жоғары оқу орындарының арасында ең бірінші болып аударма мамандығының Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашылғандығы, қазіргі кездегі аударма мамандығының ахуалы туралы сөз болады. Университет жанынан «Көркем аударма орталығын» ашу ұсынысының маңыздылығы көрсетіледі. Аударманың түрлері көп, дегенмен көркем аударманың аударылу сапасын тексеретін, оның оқырманға беретін рухани құндылығын анықтайтын бірлестік те, қауымдастық та жоқ екенін ескерсек, осындай одақтың университет жанынан құрылуы нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймыз. Түйін сөздер: аударма, аударматану, түпнұсқа, мәтін, аударма бірліктері, аударма нұсқа.