Экожүйедегі тіл: эколингвистика
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph3Аннотация
Мақалада экологиялық ұстанымдар мен тілді және адамды байланыстыра зерттеудің қазіргі жай-күйі туралы айтылады, бағыттың теориялық негізі сипатталады. Экология бағытының өзекті мәселелерінің ғылыми айналымға тұрақтап, өзге бағыттарға ене бастауы – адамзаттың осы мәселелерді жердегі болашақ өмірдің алғышарты ретінде қарастыруы деп түсінеміз. Сондықтан тіл мен оның ортасы, әлемнің тілдік алуантүрлілігін сақтау мәселелері күн тәртібінен түсер емес. Жұмыста осы саладағы терминдер қолданысындағы алуантүрлілік талданып, әрқайсысы туралы іргелі зерттеулерден пікірлер келтіріледі. Тіл мен оның ортасының, тіл мен оның иесінің арасындағы байланыстарды зерттеудің, оны жүйелі әрекеттер кешені ретінде қарастырудың тілдің өміршеңдігіне әсері зерттеледі. Тіл жеке өмір сүре алмайды, десек те оған ортасының әсері қаншалықты деген сұрақ бұрыннан бар. Бірақ эколингвистика саласы ғылыми айналымда салыстырмалы түрде жаңа. Жалпы, тіл мен оның қоршаған ортасын зерттеу әртүрлі бағытта жүргізілуі мүмкін. Эколингвистикалық ойлар Э. Сепирдің этностың өмір сүру дағдысы мен ерекшелігі міндетті түрде тілде сақталады деген тұжырымының жалғасы ретінде дамыды. Тек осы байланысқа қатысты ыңғайлардың әртүрлі екенін байқадық. Сондықтан мақалада эколингвистиканың қалыптасу жолы мен әдіснамалық базасы, эколингвистика мен тіл экологиясының, лингвоэкологияның айырмашылығы талданады. Түйін сөздер: тіл, экожүйе, тіл экологиясы, лингвоэкология, эколингвистика