Зат есімнің сан-мөлшер (көптік) категориясының армян-қыпшақ жазба ескерткіштер тіліндегі тарихи даму жолы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph13
        85 315

Аннотация

Сан-мөлшер категориясы түркі тілдері теориялық грамматикасының өзекті әрі сан түрлі пікіркөзқарасты тоғыстырған тақырыптарының бірі саналады, бұған осы тақырыпта жылдар бойы жинақталған зерттеулер мен ғылыми жұмыстар дәлел. Аталмыш грамматикалық категорияны зерттеу түркі тілдерін тарихи тұрғыда зерттеумен тығыз байланысты және өз бастауын көне дәуір ескерткіштері тілінен алады. Көптік жалғауларының көне формаларының әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері, шығу төркіні, қолданылу ерекшеліктері, қолданылу кезеңдері болған. Кейбір көнерген жалғаулардың көне түрк дәуірінде өнімді қызмет еткендігін бағамдай отырып, бұл формалардың Орхон-Енисей жазулары өмір сүрген кезеңге дейін де болғандығы байқалады. Яғни көптік жалғауы тарихқа белгісіз бір кезеңде жеке сөзден пайда болған.Мақалада зат есімнің сан-мөлшер (көптік) категориясының тарихи генезисі ғалымдардың еңбегі негізінде айқындалып, көптік жалғауларының көне түрк, орта ғасыр дәуірі ескерткіштері, армян-қыпшақ ескерткіштері тіліндегі көрінісі жүйелі түрде талданады. Сондай-ақ ескерткіштер тіліндегі есім категориясының тарихи даму аспектілерін қарастыру көне түрк, орта ғасыр дәуірі ескерткіштерімен, нақты айтқанда Орхон-Енисей жазба ескерткіштері – Күлтегін (Үлкен жазба, Кіші жазба), Тоныкөк ескерткіштерімен, Қараханидттер мемлекеті кезеңінде (X-XII) жазылған М. Қашқаридың «Диуани лұғат-ит түрк» еңбегі тілімен, көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің бірі А.  Йүгінекидің «Һибатул хақайиқ» («Ақиқат сыйы») дастаны (XI-XII) тілімен, құман қыпшақтарының тілінде жазылған «Кодекс Куманикус» ескерткіші (XIII-XIV) тілімен, мәмлүк қыпшақтарының тілінде жазылған «Китаб ат-тухфат уз-закийат фил-лұғат-ат-түркия» ескерткіші (XIV) тілімен салыстыра қарастырылады. Сонымен қатар көне түрк, орта ғасыр дәуіріндегі есім категорияларының қалыптасқан формалары мен дамуы айқындала отырып, қазіргі түркі тілдерімен салыстыра зерттеледі. Түйін сөздер: сан-мөлшер категориясы, зат есім, тарих, даму, жазба ескерткіштер.

Жүктелулер

Как цитировать

Meirambekova, L. K., Zhiyembay, B. S., & Dautova, G. R. (2022). Зат есімнің сан-мөлшер (көптік) категориясының армян-қыпшақ жазба ескерткіштер тіліндегі тарихи даму жолы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 185(1). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph13

Шығарылым

Бөлім

Языкознание