Тілдерді үйренудегі инновациялық тәсілдер
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph22Аннотация
Мақалада тілдерді оқытудың түрлі инновациялық тәсілдеріне тұжырымдамалар қарастырылды және олардың нақты анықтамасы ұсынылды. Мақалада ағылшын тілін практикалық тұрғыда меңгеру ғана емес, сонымен бірге ақпаратпен жұмыс істей алу және ойлау қабілетімізді, коммуникативті құзыреттілігімізді дамыту жолдары қарастырылған. Қоғамда кең сұранысқа ие шетел тілін оқытудағы ойын ойнау тәсілі, яғни жоғары оқу орындарында, корпоративті оқытумен үздіксіз білім берудің мамандандырылған курстарында шет тілдерін оқыту тәжірибесінде белсенді қолданылады. Сондықтан мақалада English Only Space тіл студиясындағы зоналарға интеграцияланған сипаттамалық зерттеу жүргізе отыра, оқытушылар мен студенттердің тілдік құзыреттіліктерін одан әрі дамытудағы әсері туралы ғылыми шолу жасалды. Түрлі әлеуметтік және мәдени деңгейдегі адамдармен қырым-қатынас жасау – ауызша сөйлеуді, түсінуді және өзара тиімді қарым-қатынас жасау үшін диалог құруды қажет етеді. Сондықтан, English Only Space (EOS) кешенді тілдік студияны қолданып, коммуникативті құзыреттілікті, проблемалық ситуацияларды шеше білуді, студенттердің сыни тұрғыдан ойлау шеберлігін, ақпаратты талдауға және өз көзқарасын дәлелдеуін қалыптастырады. Ғылыми зерттеу жұмысына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Көптілді білім беру факультетінің 182 студенті қатысты. English Only Space тілдік кешенді студиясы инновациялық білім беру саласындағы белсенді стартапзерттеулердің драйвері ретінде қызмет атқарады. Түйін сөздер: инновация, тәсілдер, тіл білімі, байланыс, EOS, тілді оқыту кеңістігі.