Көркем аудармада лексика-грамматикалық трансформацияларды талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph25
        156 453

Аннотация

Сапалы аударма, сөзсіз, мәтіннің мағынасын ғана емес, сонымен бірге «сезімдерді», эмоционалды реңкті, стильді, экспрессивтілік құралдарын, фразеологиялық бірліктердің баламаларын, экспрессивтілікті және т.б. жеткізе білу жолдарының негізгі құралдарының бірі болып табылады. Аудармашы әртүрлі мәдениеттерге жататын тілдерді аударуда белгілі бір қиындықтарға тап болады. Халықтың мәдениетімен, олардың салт-дәстүрімен, уақыты мен дәуірімен таныспай, аудармашы түпнұсқа тілінде жазылған «бейнені» жеткізе алмайды. Аудармада шығындардың орнын толтыру және мағынаның бұрмалануын болдырмау үшін аудармашы функционалды тәсілді қолданады, элементтердің функциясын ескере отырып, олардың функционалды аналогын іздейді. Сондықтан аудармадағы деректердің мұндай өзгерістері тұтас және тікелей аударма жұмыстары үшін қажет. Өздеріңіз білетіндей, аударма нәтижелері кез-келген тіл мен мәдениетте, соның ішінде ағылшын тілінде де маңызды рөл атқарады. Сондықтан оларды дереккөз тілінен аударма тіліне аударғанда олардың қолданылуын білу өте маңызды. Бұл мақалада дереккөз тілінен аударма тіліне алғанда лексикалық және грамматикалық мағыналарының қолдану аясы анықталады. Талдау жұмыстарының нәтижесінде стилистикалық, морфологиялық, синтаксистік және семантикалық талдауларға қарағанда, лексикалық-грамматикалық аударма жұмыстарының қолданылуы мен түрлендіру жұмыстарының нәтижелігі байқалады. Түйін сөздер: көркем аударма, трансформация, лексикалық трансформациялар, грамматикалық трансформациялар, көркем мәтіндерді аударма мәселесі.

Жүктелулер

Как цитировать

Sharipova, G., & Bekturova, E. (2022). Көркем аудармада лексика-грамматикалық трансформацияларды талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 185(1). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph25

Шығарылым

Бөлім

Теория перевода