Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» атты оқиғасының аудармаларындағы қателердің лингво-аудармашылық талдауы

Авторлар

  • N.Zh. Mukhanova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-3847-604X

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.024
        156 131

Аннотация

Бүгінгі таңда әлемде жарық көріп, әлемнің әртүрлі тілдеріне аударылып келетін көркем шығармалардың саны артып келеді. Осыған орай, әртүрлі аудармашылармен аударылған шығармалардың дұрыстығы мен түпнұсқаға қатысты аударманың сәйкестік дәрежесін анықтау жүйесін құру мәселесі өткір тұр. Мақалада Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» оқиғасын аудару кезінде орыс және казақ аудармашыларымен жіберілген түрлі қателер қарастырылады. Аудармалардың 9 түрлі аударма нұсқаларына мен түпнұсқа мәтініне салыстырмалы талдау жасалынып, аудармашылардың осы шығарманы аударуда жіберген қателердің негізгі түрлері анықталады. Сондай-ақ мақалада аудармашылармен жіберілген қателердің себептерін қарастыру мақсаты қойылған. «Том Сойердің басынан кешкендері» шығармасының аудармаларында жіберілген қателер бұрын талданбаған және бұл жұмыстың жаңалығы болып келеді. Қателерді анықтаудың негізгі әдісі ретінде түпнұсқа мен аударма мәтінін салыстырмалы талдау әдісі қолданылады. Зерттеудің құндылығы мен практикалық маңыздылығы күмән тудырмайды, өйткені аудармада жіберілген қателерді талдау аудармашыларға аударманың сапасын жақсартуға және сонымен қатар болашақта бұл қателерді болдырмауға мүмкіндік береді. Аудармаларға салыстырмалы талдау жасалғаннан кейін, аудармашылар тілдің барлық деңгейінде әртүрлі қателерді жасайды және аударма тілі мен түпнұсқа тілінің арасындағы мәдени айырмашылықтарға байланысты қателерді жібереді деген қорытынды жасауға болады. Мақала авторы адекватсыз аудармадан туындайтын көркем шығарманың мағыналық мазмұнындағы бұрмалануларды мен эмоционалдық құрамдас бөліктердің бұзылуын анықтауға ерекше көңіл бөледі. Осы зерттеудің нәтижелері мен ұсыныстары аударматанудың эрратологиялық аспектісін дамытуға айтарлықтай үлес қосады.

Жүктелулер

Как цитировать

Mukhanova, N. (2022). Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» атты оқиғасының аудармаларындағы қателердің лингво-аудармашылық талдауы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 186(2). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.024

Шығарылым

Бөлім

Теория перевода