Грамматикалық семантикада халықтың дүниетанымын бейнелеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.06Аннотация
Бұл мақала сөйлеушілерінің әлемді қабылдау проекциясы тұрғысынан орыс, ағылшын және поляк тілдерінің грамматикалық сипаттамаларын салыстырмалы талдауға арналған. Қолда бар тілдік деректердің негізі ретінде белгілі бір дәрежеде халықтың менталдық сипаттамалары көрінетін граммемалар алынды. Қолда бар тілдік деректерді зерттеу барысында ғылыми әдістер жиынтығы қолданылды, атап айтқанда семантикалық талдау әдісі, салыстырмалы әдіс және танымдық талдау әдісі. Зерттеудің теориялық маңыздылығы еуропалық тілдердің грамматикалық қасиеттері бойынша олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары тұрғысынан кешенді мәліметтер алуға негізделеді. Алынған гносеологиялық материалды оқыту тәжірибесінде қолдануға болады. Зерттеудің практикалық бағыты грамматикалық фактілерді саналы түрде меңгеруге және студентті көптілді тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал ететін тезаурусқа бағытталған оқыту әдістемесімен байланысты. Зерттеу нәтижелері орыс, поляк және ағылшын тілдеріндегі грамматикалық семантиканың айтарлықтай біртұтас екенідігін көрсетеді, осының негізінде тілдердің сөйлермендерінің бірқатар психикалық белгілерінің ортақ екенін болжауға болады. Халықтардың мәдени-тарихи дамуының әртүрлі жолдары себепті бірқатар грамматикалық сипаттамаларда, ең алдымен ойды білдіруде айырмашылықтар туындады. Ұсынылған әдістеменің тиімділігін жүргізілген педагогикалық тәжірибе растайды.