Антропоцентрлік мақал-мәтелдердегі көркемдік тіл ерекшеліктері (қазақ, орыс мақал-мәтелдері негізінде)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.08
        54 208

Аннотация

Мақалада қазақ және орыс тілдеріндегі антропоцентрикалық мақал-мәтелдердегі көркемдік тіл қолданыстарының қолданылу аясы мен қарым-қатынасы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары қарастырылған. Қазақ және орыс мақал-мәтелдерінде кездесетін көркемдік тіл ерекшеліктері салыстырылады. Мақал-мәтелдердің барынша ықшам, айтайын деген ойды қысқа да нұсқа берудегі ыңғайлылығы, екі тілде де бірдей екендігі анықталады. Көркемдік тіл айшықтары екі тілде де барынша молынан кездесетініне дәлелдер келтірілген. Зерттеу барысында көптеген қазақ және орыс тіліндегі мақал-мәтелдерге зерттеу жұмыстары жүргізілген, олардан мысалдар келтірілген. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттеуге бағытталған қазіргі тіл білімінде мақал-мәтелдерді зерттеу ерекше орын алады, олар адамдардың құндылық пайымдаулары, тіршілік құбылыстары туралы негізгі түсініктері болып табылады. Кез-келген тілдегі барлық айырмашылықтарға қарамастан, мақал-мәтелдердің көпшілігі мейлі ол ауыспалы мағынада болсын, мейлі ол тура мағынада болсын, негізгі идеяны нақты, дәл, қысқаша жеткізумен ерекшеленеді. Ғасырлар бойы адамдар сөздің эмоционалды бояуын жақсарту үшін мақал-мәтелдер жасау шеберлігін жетілдіріп отырған. Тұрмыстағы, айналасындағы заттарды, құбылыстарды мақал-мәтелдер жасауда шебер пайдалана білген.

Жүктелулер

Как цитировать

Rysbayeva, G., Aliyevа S., Kulbekova, B., & Zhumashova, Z. (2022). Антропоцентрлік мақал-мәтелдердегі көркемдік тіл ерекшеліктері (қазақ, орыс мақал-мәтелдері негізінде). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 186(2). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.08

Шығарылым

Бөлім

Языкознание