«Ақ кеме» романының стилистикалық ерекшеліктеріне талдау жасау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.010Аннотация
Мақалада «Ақ кеме» романындағы сөз ұзақтығы мен жиілігін және романдағы кілт сөздерді кірістіре отырып, оның лексикалық ерекшеліктерін қарастыру көзделді. Осы тұрғыда «Ақ кеме» романының мәтіндік ерекшеліктері талдауға түсті. Шығарма авторы Ш. Айтматовтың тақырыа мәні мен стилі ашылды. Романдағы автор тарапынан берілген негізгі құндылықтар зерделенді. Біздің зерттеулерімізде Ш. Айтматов шығармаларын тереңінен және нақты зерттеу мақсатында корпустық талдау әдістері қолданылды. Бұл талдау әдістері транслингвалды тілдік тұлғаны тануда маңызы зор. Мәтінді корпустық талдау әдеби шығарманың өз бағасын бере алмағанымен, шығарма туралы біздің түсінігімізге дәлел бола алады. Корпустық және статистикалық әдістерді қолдану әдеби шығармалардың тілдік стилі мен автор стильін зерттеуде корпустық стилистикалық және статистикалық әдіс-тәсілдерге жүгінуге негізделеді. Бұл әдіс өз кезегінде әдеби жанрларды шынайы және кең көлемді зерттеуге апаратын жол болып табылады. Сатистикалық деректер алдыңғы тұжырымдарды дәлелдеу мақсатында ғана емес, сонымен қатар бұрын ашыла қоймаған стилистикалық маңызды ерекшеліктерді де айқындауда маңызы зор. Бұл жайт дәстүрлі әдеби шығармаларды зерттеудің ғылыми және эмпирикалық сипатын арттырумен қатар, зерттеу көкжиегін кеңейтуде де септігі мол