Ұлттық таным мен әлемдік қабылдау үндестігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.014
        40 62

Аннотация

Мақалада М.Мағауиннің «Шыңғыс хан» деректі тарихи хикаясының алғашқы кітабына шолу жасалып, түркілік танымға ортақ жағдаяттар талданады. Соның ішінде ұлт тарихы мен мәдениеті, ұлттың көшбасшы тұлғасы, оның тарихтағы орны сараланып, қаламгердің шежірелік-деректік арналарды зерделеуі мысалдармен дәлелденеді. М.Мағауиннің зерттеулері мен ізденіс іздеріне көңіл бөлсек, жазушы «Шыңғыс хан» тарихи хикаясы арқылы әлемге Шыңғыс ханды, оның негізінде түркі жұртшылығын әлемге танытты. Ұлы қолбасшының тұлғалық бейнесін, жауынгерлік батырлығын, азамат ретіндегі көркем бейнесін жасау маңызды мәселелердің бірі. Шындық өмірдің көркем көрінісін суреттеген шығармаға талдау жасалды. Көптеген ғалымдардың ұлт руханияты, қолбасшы жайындағы іргелі ізденістері ұнамды көрініс тапты. Жазушының тарихи тақырыптарды игеруі, өмірлік шындықты көркем шындыққа айналдыру жолындағы әдіс-тәсілдерді, оларды ж.зеге асырудағы шы,армашылық қырлары жанжақты талданады. Кейіпкер бейнесі, замана көріністері арқылы көрініс тапқан мәтіндегі сөз астары, уақыт сабақтастығы, ой жапсары зерттеледі. Автордың ізгілік пен зұлымдық арпалысындағы адамзат ұстанымың басты идеялары осы мақалада терең қарастырылады. Автор өзінің ойлы ұсыныстары мен батыл шешімдерін ұсынады

Жүктелулер

Как цитировать

Dalelbekkyzy А., & Yıldız, N. (2022). Ұлттық таным мен әлемдік қабылдау үндестігі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 186(2). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.014

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение