Абай өлеңдеріндегі уақыт пен кеңістік категорияларын білдірудің тілдік формалары
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.015Аннотация
Мақалада ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдеріндегі хронотоптың мән-мағынасы ашылады. Олардың тілдік бөлшектер арқылы көріну жолдары мен бейнелену ерекшеліктері когнитивтік тұрғыдан сипатталған. Бұл ретте хронотоптың шығармадағы автор бейнесін, оның идиостилі мен ұлттық танымын берудегі негізгі қызметтері когнитивистика тұрғысынан сараланады. Ақын шығармаларындағы уақыт-кеңістік категориясының таным үдерісімен байланысы қазіргі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып айқындалады. Жазушының эстетикалық ізденістерін бағдарлауға, хронотоп мәселесін, шығарманың өзіндік әлемін, оқырман концепциясын зерттеуге мүмкіндік беретін мәселелер талданады. Сондай-ақ, жазушының шындыққа көзқарасы, авторлық ұстанымы да қарастырылды. Ақын лирикасына тән кеңістік-уақыттық мағыналарды көрсететін тілдік бірліктер мысалында жан-жақты талданады. Оқырманның ұлттық танымына әсер ететін факторлар айқындалады. Ақынның «Ғабидоллаға», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?!», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» шығармаларындағы хронотоп мәселесі алғаш рет лингвопоэтикалық контексте талданған. Автор уақыт пен кеңістік категорияларын білдіретін, Абай Құнанбаев поэзиясының көркемдік-стильдік ерекшелігін құрайтын тілдік құралдарға нақты мысалдар келтіреді. Құбылту түрлері мен стильдік фигуралар хронотоп тұрғысынан талданады. Теориялық тұжырымдар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне негізделген. Талдау үшін мақала авторлары осы өлеңдердің ағылшын тіліндегі жолма-жол аудармасын ұсынады