Сұлтан Қалиұлының балалар әдебиетіне қосқан үлесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.017
        237 249

Аннотация

Мақалада қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сұлтан Қалиұлының балалар әдебиетіне қосқан үлесі ғылыми сараланған. Қаламгердің шығармалары мазмұны мен түріне қарай жүйеленіп топтастырылған. Тақпақ, ән-өлең, поэма, жұмбақ, жаңылтпаш, аңыз-ертегі сияқты жанрларына қосқан үлесі нақты шығармаларға жасалған талдаулармен түйінделді. Талдау нәтижесінде қаламгер туындылары арқылы жас бала бойына жақсыға жақын, жаманнан алыс жүретін елінің патриот азаматтарын тәрбиелейтіні дәлелденді. Еңбек жолын мектеп мұғалімі болып бастаған қаламгер қазақ балаларына арнап поэзиялық, сатиралық, прозалық жанрлармен көптеген туындылар қалдырды. Балалар журналы «Балдырған», «Ұлан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқару қаламгерді балалармен тығыз байланыстырды. Мектепке дейінгі, мектеп оқушыларына арнап жазған шығармаларында балалардың бойына М.Жұмабайұлы айтқан «дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесін» сіңіре білді. Қарапайымнан күрделіге құрған жұмбақтарымен бала танымын, ойын кеңейтті, оларды көп ізденуге, ойлануға, тапқырлыққа талпындырды. С.Қалиұлының өлеңдері орыс, украин, өзбек, грузин, түрікмен, қарақалпақ, әзербайжан тілдеріне аударылса, өзі де көптеген қаламгерлердің шығармаларын қазақ тілінде сөйлетіп, көр

Жүктелулер

Как цитировать

Orda, G., & Izmakhan, T. (2022). Сұлтан Қалиұлының балалар әдебиетіне қосқан үлесі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 186(2). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.017

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение