Исмаил Гаспринский және Алаш идеясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.018
        108 232

Аннотация

ХІХ ғасырдың ортасында Ресей патшалығының отаршылдығында болған мұсылман елдері ұлт ретінде жойылып кету алдында тұрды. Осындай тарихи сәтте Қырым түбегін мекендеген татарлар мен Қазан татар халықтарының арасынан көзі ашық зиялы қауым өкілдері әр тараптан бас көтеріп, «ұлттық ояну дәуірі» бастау алды. Оның бастауында тұрған ағартушы, саясаткер, журналист, реформатор, педагог және ең бастысы «жәдитшілдіктің» негізін салушы қайраткерағартушы Исмаил Гаспринский болды. Қырым татар халқының оқымыстысы Исмаил Гаспринский татар халқының оқу-ағарту саласына көп еңбек сіңірді. Ол татар тілінде ұлттық және діни мәселелерді қозғайтын газет-журналдар шығарумен қатар, халықты жаппай сауаттандыратын «усул-и жәдид» әдісін ойлап тапты. Сондай-ақ, бұрын тек құран сөздерін жатқа айтуды білім деп санаған халыққа, жаңа әдіс арқылы жеңіл оқып-жазуды үйретіп, татар оқушысына оқулықтар мен оқу құралдарын жазыпқұрастырды. Халықтың сауатсыздығын жою – тек татар халқына ғана емес, сол замандағы барлық Ресей мұсылмандарына ортақ мәселе еді. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында «жәдитшілдік» (жаңа оқу әдісі) қозғалысы Қазақстанға да келді. Алаш ардақтылары «жәдит» әдісі арқылы ғылымның әр түрлі саласында оқулықтар жазды. Баспасөз беттерінде сол замандағы ұлттың ғылым-білімі, мәдениеті, әдебиетіндегі әр түрлі мәселелерді қозғап, қазақ қоғамына үлкен қозғалыс алып келді

Жүктелулер

Как цитировать

Osken, A. (2022). Исмаил Гаспринский және Алаш идеясы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 186(2). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.018

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение