Қазақ және түрік прозасындағы мистика

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.016
        137 335

Аннотация

Мақала қазақ және шетел прозасындағы мистиканы зерделеуге арналған. Мұнда нақты хронологиялық шек қойылмастан, қазақ және түрік әдеби туындыларында қолданылған мистикалық құбылыстар салыстырмалы-тарихи, жүйелік, құрылымдық, герменевтикалық әдістер негізінде қарастырылған. Қазақ әдебиетінде мистикалық сарындардың негізінен Тәуелсіздік жылдары өрістеп, дамуы Асқар Алтай, Таласбек Әсемқұлов шығармалары негізінде талданған. Т. Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы», «Талтүс» және А. Алтайдың  «Туажат» немесе «Тамұққа түскен сәуле» шығармалары – постмодернистік, тарихи-мифомистикалық көркем туындылар екені ғылыми негізделген. Мистика көбінісе дінмен, тылсыммен байланысты құбылыс болғандықтан, кеңестік кезеңде дінге тыйым салынуы себепті ол тек өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан кейін дами түсті. Бұл ретте, алдымен қазақ әдебиетіндегі көне мистикалық сарындар қайта жаңғыртылса, екіншіден, постмодернистік бағыттағы прозада ол көркемдік әдіс ретінде де қолданылды.

Ал түрік әдебиетіндегі мистика тікелей ислам дініндегі сопылық ағыммен тікелей байланысты. Ол әйгілі сопы, мистик ақын Мәулана (Жалал ад-дин Руми) шығармаларынан бастау алады. Мұнда мистиканы көркемдік әдіс ретінде пайдаланудан гөрі, шығарманың өзін тұтастай мистикаға құру көзделген. Трансцендентті әлемдегі тәңірілік (құдайлық) құндылықтар метафоралық тілмен көркемдеп жеткізіледі.

Түйін сөздер: мистицизм, мистика, теология, философия, түрік-қазақ прозасы, дінимистика, мифомистика

 

 

Жүктелулер

Как цитировать

Askarova А. S. (2023). Қазақ және түрік прозасындағы мистика. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 188(4), 160–170. https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.016

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение