Виртуалды тілдік тұлғаның лексико-семантикалық ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.011Аннотация
Мақала қазіргі лингвистиканың өзекті тақырыбы – виртуалды тілдік тұлғаны зерттеуге арналған, тұлғаның тілдік ерекшеліктері мен интернет коммуникациядағы виртуалды тілдік тұлғаның лексика-семантикалық ерекшелігін сипаттауға бағытталды. Зерттеу жұмысында тілдік тұлға ұғымына арналған жұмыстарға, отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасаумен басталып, ерекшеліктеріне, қасиеттеріне тоқталып өтілді. Интернет-коммуникацияны лингвистикалық тұрғыда зерттеудің өзектілігін ескере отырып, «виртуалды тілдік тұлға» түсінігін айқындаудың қолданыстағы анықтамалары талданды. Мақалада виртуалды тілдік тұлға өзінің ерекше құндылықтарымен, уақыт пен кеңістікке өзгерген қарым-қатынасымен, виртуалды әрекеттермен айналысудың жоғары дәрежесімен, нақты мақсаттар мен коммуникация стратегияларымен және т.б. лексико-семантикалық дискурсымен сипатталатын тілдік тұлғаның жаңа түрі ретінде қарастырылды.
Зерттеудің мақсаты – виртуалды тілдік тұлғаның лексико-семантикалық қасиеттер жиынтығын қарастыру. Зерттеу нысаны – виртуалды тілдік тұлға интернет желісіндегі виртуалды дискурстың қатысушысы ретінде қарастырылды. Зерттеу әдісі мен зерттеу материалдары «BBCNews» Instagram парақшасында жарияланған “Florida lawmakers strip Disney of special tax status” постына жазылған пікірлерді қамтиды. Зерттеу барысында посттағы респонденттердің жауаптарында келесі лексикалық бірліктердің өнімділігі анықталды, олар: жаргондар; идиомалар; ауызекі және қарапайым тіл; паремия; окказионализмдер; терминдер және дәйексөздер. Нәтижесінде аталған тілдік бірліктерге сандық-салыстырмалы талдау жасалып, тұжырымдар берілді.
Түйін сөздер: виртуалды тілдік тұлға, виртуалды кеңістік, интернет коммуникация, лексико-семантикалық талдау, пост пікірлер.