Абай ілімі – Қазақстанның рухани-интеллектуалдық әлеуетінің негізі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.014Аннотация
Бұл мақалада Абай Құнанбаев ілімінің Қазақстанның рухани және зияткерлік әлеуетінің негізі ретінде қолданылуына қатысты ерекшеліктері туралы сөз қозғалады. Зерттеу мақсаты Абай ілімін қазіргі Қазақстанның рухани және зияткерлік әлеуетінің негізі ретінде пайдалану мүмкіндігін талдау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды: Абай ілімінің негізгі постулаттарын сипаттау; Абай ілімінің Қазақстанның рухани және зияткерлік өміріндегі рөлі мен орнын анықтау; Абай ілімін қазіргі Қазақстанның, әсіресе қазақ жастарының рухани және зияткерлік әлеуетінің маңызды негіздерінің бірі ретінде пайдалану мүмкіндігіне талдау жасау. Зерттеудің негізгі әдістері ретінде зерттеу тақырыбы бойынша теориялық әдебиеттерді талдау, сонымен қатар Абай ілімінің маңызды ережелерін талдау, салыстырмалы-салғастырмалы талдау, ретроспективті талдау, жалпылау (синтез) әдісі секілді әдістер қолданылды. Зерттеу барысында Абай Құнанбаев Қазақстанның рухани және зияткерлік көшбасшыларының бірі бола отырып, қазақтардың рухани әлемінің ерекшеліктерін жете сезініп, өз шығармаларында қазақ этносының мәдени кодын көрсете алды деген қорытынды жасалды. Қазіргі уақытта Қазақстан барлық қазақ халқынан өзара қолдауды, келісімді және жоғары деңгейдегі бірігуді талап ететін күрделі трансформациялық кезеңді бастан кешуде. Абай өмір бойы қазақ халқын дәл осыған шақырды, бұл қазіргі уақытта оның шығармашылық мұрасына сүйену қажеттілігін түсіндіреді. Абай Құнанбаевтың рухани және зияткерлік мұрасы қазақ әлеуметінің қоғамдық санасын жаңғыртуға оң әсер етеді, сондай-ақ қазақ қоғамындағы тұрақтылықты, бірлікті, өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға баға жетпес үлес қосады. Абайдың ағартушылық саласындағы қызметі аясындағы ең маңызды жетістіктерінің бірі – қазақтардың, Қазақстан зиялыларының сана-сезімін, сондай-ақ мемлекеттегі білім мен ғылымды дамыту.