ХХ ғасырдың соңы ХХІ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы: әдебиет тарихын жаңаша танымда зерттеудегі ізденістер
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.016Аннотация
Қазіргі қазақ әдебиеттануы ғылымында ұлттық әдебиетіміздің бастау қайнарларын анықтау, даму, қалыптасу кезеңдерін бағамдау және қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу ерекшеліктерін зерттеу, қазақ әдебиетінің тарихына терең үңілу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу, ғылыми тұжырымдау әр дәуірде алуан түрлі белестерден өткені белгілі. Қазіргі таңдағы заманауи зерттеулер барысында ұлттық әдебиетіміздің дәстүрлі көркемдік арналарын саралаудағы ғылыми ізденістер қасаң саясат салдарынан қалыс қалған рухани әрі әдеби жәдігерлермен толықтырылуда. Қазіргі қазақ әдебиеттануының әдіснамалық қағидаттары түрленіп, әлемдік әдебиеттанудағы озық ұстанымдарға иек артуда. Осы бағыттағы жаңа тенденциялар жан-жақты екшеуді талап етеді. Бұл реттен алғанда мақалада қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мәселелері баяндалды. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудің тың бағыттағы қадамдарына шолу жасалды. Жаңа танымдағы ізденістердің ерекшеліктері, ғылыми ұстанымдары сараланды. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеген ғалымдардың еңбектері, зерттеушілердің бұрынғы және қазіргі ізденістері, ұжымдық зерттеу жұмыстары талданып, олардың әдебиеттану ғылымында алатын орны бағамдалды. Қазақ әдебиеті тарихын бажайлаудағы заманауи зерттеулердің ізденіс өрісін айқындайтын түйінді жаңалықтары, өзекті аспектілері ғылыми-зерттеу еңбектер негізінде екшелді. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау жолындағы ізденістердің өзіндік жүйесіне, жинақталған тәжірибесіне назар аударылды. Ұлттық әдебиетіміздің тарихын зерттеу бағытындағы ізденістерді сараптай келе, негізгі жетістіктері бағамдалды. Зерттеу нәтижесі ретінде әдеби мұраны зерттеудің жаңа жолдары байыпталды. Ғасырлар бойы жинақталған рухани құндылығымыз –