Б.Жұмабайұлының «Ізғұтты батыр» романының поэтикасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.017
        89 114

Аннотация

Мақалада Қытайдағы қазақ әдебиетінің өкілі Байахмет Жұмабайұлының шығармасы – «Ізғұтты батыр» тарихи романы поэтикалық тұрғыдан талданды. Зерттеу жұмысында шығармада кездесетін барлық кейіпкерлердің образы, мінез-құлқы қарастырылады. Жазушының өмірі мен шығармалары жайында мағлұмат беріледі. Романның тарихи шындыққа жақындығы тарихи деректерге сүйене отырып дәлелденеді. Уақыт пен кеңістік категориясының ерекшелігі мен табиғатына сәйкес, сол дәуірге тән халықтың дәстүрі мен өмір салты сипатталады. Жұмыста романда бейнеленген барлық адамдардың көңіл-күйі мен ойлары ашылады. Әдебиеттану теориясы бойынша поэтиканы зерттеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану негізінде жазушы шығармасында көркемдік құралдарды үйлесімді қолдануы айқындалады. Мақалада идеяны іске асырудың толықтығына автордың өзі өмір сүрген дәуірді сипаттау арқылы қол жеткізетіні көрсетіледі. Шетелдегі қазақ әдебиетін зерттеп, ғылыми айналымға енгізу кезек күттірмейтін ірі мәселе екендігі айқындалды. Шығарманың басты құндылығы оның тарихи тұлғаларды бейнелеуінде. Бұл – жазушы, этнограф Байахмет Жұмабайұлының еңбектері туралы жазылған тұңғыш ғылыми мақала. Көтерілген тақырып арқылы Цин империясына қараған өр Алтай қазақтарының 1820 жылдардан кейінгі түбегейлі қоныстану барысындағы күресті жылдары сөз болған бұл роман барынша жан-жақты талданды. Шығарманың оқырман тарапынан эстетикалық әсер қалдыратын тұстары да ашылған. 

Жүктелулер

Как цитировать

Mursal А., Tanzharikova, A., & Saltakova, Z. (2022). Б.Жұмабайұлының «Ізғұтты батыр» романының поэтикасы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 187(3). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.017

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение