7-сынып оқушыларына тыйым сөздер арқылы лингвомәдени құзіреттілікті қалыптастыру амалдары
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.014Аннотация
Мақалада қазақ тіліндегі тыйым сөздердің 7-сыныптың Қазақ тілі оқулығында берілу дәрежесі, сол арқылы лингвомәдени құзіреттіліктер қалыптастыру жолдары қарастырылған. Табу мен эвфемизмдер, дисфемизмдер, ырым және тыйым сөздердің зерттелу жайы сөз болады, соның негізінде аталған категориялардың бәрі тыйымдар деген категорияға топтау туралы айтылады.
Ырымдар мен тыйымдар әлеуметтің заңы ретінде қабылданып, бүкіл қазақтың ұстанатын қағидасы ретінде қолданылған. Сондықтан әр қазақ үшін бұл ұғымдардың лингвомәдени құзіреттілігі жоғары болған. Тыйым сөздердің құзіреттіліктері лингвистикалық тұрғыдан: сөзсіз орындауға тиісті; талқылауға жатпайтын; қоғамда қатаң қалыптасқан; қатаң ережелердің жиынтығы секілді сипаттары ашып көрсетілді. Сонымен қатар тыйым сөздер адамзаттың бүкіл өмір сүру жүйесіне қатысты. Денсаулық, тамақтану, адамгершілік, табиғат, таным, өлім т.б. сипаттардың бәрінде де болмайды деген ұғымды сіңіре отырып, өмір сүруге қажетті тазалық, адалдық, шыншылдықты тұтынады. Осы тыйымдардың нәтижелерін жас ұрпақ бойына сіңіруде 7-сыныптың Қазақ тілі оқулығы әр бөлімінде тапсырмалар беріп, орындату арқылы тек грамматикалық білім беріп қана қоймай, лингвомәдениеттанымдық құзіреттілік қалыптастырады. Лингвомәдениеттанымдық құзіреттілік тіл арқылы ұлттың танымын, тәрбиесін, тағылымын береді. Сондай-ақ осындай оқулықтарда берілуі, тапсырмалар орындатылуы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасуының кепілі болмақ. Сондықтан тыйымдарды оқытудың түрлі амал-тәсілдерін көрсету – әдістеме саласын толықтырады.