Тележурналистика терминдерінің қолданысына статистикалық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.012
        72 104

Аннотация

Мақала мемлекеттік тілді білетін телевизия мамандарының жұмыс барысында қазақ тілін кәсіби деңгейде қолдану көрсеткіштерін анықтау мақсатында жасалған сауалнама нәтижесін талдау арқылы телевизиялық журналистика тілінің ескерілмей жүрген лингвистикалық мәселелерін, термин қолданысының жай-күйін, сала мамандарының шет тілден енген сөздерге қатысты пікір-ойларын анықтауды көздейді. Осы мақсатта                             Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің облыс орталықтарында жұмыс істейтін телевизия мамандарының қатысуымен ерікті түрде сауалнама жұмысы ұйымдастырылды және жүргізілді.

Қазақ тілінде ғана ақпарат тарататын мемлекеттік және коммерциялық телеарналардағы телеоператордан бастап, журналист, редактор, продюсер, режиссер деңгейіндегі әртүрлі қызмет атқарып жүрген мамандар жұмыс үдерісінде қазақ тілін қаншалықты қолданатыны, монтаж жұмыстары, түсірілім кезінде терминдерді, кәсіби лексиканы төл тіліміздегі баламасымен  немесе шет тілінен енген /орыс, ағылшын, латын/ сөздерді қаз-қалпында айтудың негізгі себептері мен одан туындайтын салдарды анықтауға арналған кешенді лингвистикалық зерттеудің бір бөлігі ретінде әзірленген сауалнама сапалық әрі сандық талдаулармен ерекшеленеді.

Көрсетілген мақалада кәсіби мамандар қатысқан сауалнама деректеріне талдау жасалып, тележурналистика терминдерінің орыс және қазақ тілдерінде қолданылу көрсеткіштерінің себептері тұжырымдалады.

Жүктелулер

Как цитировать

Taubaldiyev, M. Y., & Mambetova, M. K. (2023). Тележурналистика терминдерінің қолданысына статистикалық талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 188(4), 113–124. https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.012

Шығарылым

Бөлім

Языкознание