«Халықаралық құқық» мамандығы студенттерін тапсырмалар кешені негізінде орыс тілінің кәсіпті-бағдарлық сөздік пәнін оқыту
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.019Аннотация
Мақаланың мақсаты – «халықаралық құқық» факультеті студенттерінің кәсіби бағытты орыс тілі бойынша лексикаларын дамытуға арналған кешенді тапсырмаларды сипаттау. Мақаланың ғылыми жаңалығы сол ең бірінші кезекте жаңа мәтіндік материалдар негізінде студенттердің сөздік қорын молайтуға және дамытуға арналған көптеген жаттығулар берілген. Мұндай тұрғыдан келу білім алушылардың берілген мақсатқа сәйкес халықаралық құжаттардан қажетті ақпараттарды алуларына және оларды өңдеу қабілеттерін дамытуларына мүмкіндік береді. Мұнымен қоса олар кәсіби бағыттық ақпаратты есту бойынша қабылдай алады және мәтіннің коммуникативтік тапсырмаларына сәйкес басты және қосалқы ақпараттарды бөліп көрсете алады. Кәсіби лексикалға сүйене отырып өз көзқарастарын дәлелдей алады, сөйлеу мәдениетін сақтай отырып ақпаратты нақтылай және толықтыра алады. Біздің зерттеуіміздің барысында лексикалық сөздік қорларын байыту үшін, біріншіден, студенттерге мәтіналды және мәтіннен кейінгі тапсырмалар ретінде 10-15 жаттығу дайындау және беру керек екендігі анықталды. Екіншіден, кәсіби бағдарлы лексиканың дамуы болашақ халықаралық құқық маманының көммуникативтік құзыреттілігі қалыптасуының негізгі механизмі болып саналады. Үшіншіден, студенттің лексикалық қорының мол болуы студенттердің заң пәндерін меңгеруіне де, сондай-ақ орыс тілін үйренулеріне деген де ынталарын арттыра түседі. Мақаланың практикалық маңыздылығы сол орыс тілі бойынша мамандық лексикасын меңгертуге бағытталған жаттығулар жүйесін семинар сабақтар мен тәжірибелік сабақтарда пайдалануға болады.