А. Байтұрсынұлының Орынбор мектебінде білім алуы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.06Аннотация
Мақала Ахмет Байтұрсынұлының Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер мектебінде білім алуындағы белгісіз беттерді сараптауға, білім берген ұстаздарының есімдерін және оқыған пәндерін анықтауға арналған. Олардың А.Байтұрсынұлының болашақтағы қазақ тілінің ұлы реформаторы, ұлт қайраткері, әдебиетші-тілші-ғалым болып қалыптасуына негіз болғандығы айғақталады. Зерттеудің мақсаты да ұлы қайраткер дүниетанымындағы «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деген киелі қағиданың пайда болып, оның дамуына, жүзеге асуына себепші болған сабақ берген ұстаздары, білім алған пәндері мен араласқан адамдарының ықпалы қаншалықты дәрежеде болғандығы анықталады. Шетелдік және отандық зерттеушілердің талдаулары мен тұжырымдарынан деректер келтіріле отырып, А.Байтұрсынұлының Орынбор мектебінде білім алуы нақты мысалдармен дәлелденеді. Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер мектебінің тарихы, мектепті басқарған меңгерушілер, пән мұғалімдері туралы тың пікірлер айтылады. Сонымен қатар Ресей құрамына кірген халықтардың тілін, мәдениетін орыстандыру саясатына қызмет еткен А.В.Васильев, А.И.Тарнавский, Н.И.Ильинский сынды миссионерлердің еңбектері талданады. Олардың Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер мектебіндегі қызметі мен еңбек жолдары жайлы тың деректер айтылады. Сондай-ақ мақалада талданатын барлық тарихи, тілдік деректер А.Байтұрсынұлының кейінгі ғылыми еңбектерімен салыстырыла талданып, нақты тұжырымдармен дәйектеледі. Мақаланың ғылыми және практикалық маңыздылығы А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын, туындыларын зерттеушілер үшін құнды.