Ғылыми мақаланың аннотациясы: аударма аспектілері

Авторлар

  • Zh. N. Kuzar Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева, Казахстан, г. Астана http://orcid.org/0000-0002-9722-4064
  • G. I. Kuldeeva Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева, Казахстан, г. Астана http://orcid.org/0000-0002-3431-5743

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.021
        70 230

Аннотация

Мақалада ғылыми дискурстың ерекшеліктері, ғылыми аннотацияларды жазу принциптері және ағылшын тіліндегі халықаралық коммуникацияның белгіленген мәдени-спецификалық нормаларына сәйкес аннотациялардың барабар аудармасы қарастырылады. Қазіргі уақытта қазақстандық ғылымның әлемдік ғылыми қауымдастыққа белсенді интеграциялануы жүріп жатыр. Сәйкесінше, интеграциялық үдеріс Батыс Еуропа дәстүріне тән академиялық жазу нормаларын меңгеру және ғылыми мақала мәтіннің құрастыру міндеттерін алға қояды. Қазақстандық ғалымдар үшін жоғарыда аталған міндеттерді шешу ғаламдық ағылшын тілді кеңістікте ғылыми мәтін құру парадигмасын өзгерту процесін бастайды. Сонымен, ғылыми мәтін жасаудағы парадигмалардың ауысуын сипаттау және осыған байланысты туындайтын ғылыми мәтінді аудару мәселелері біздің зерттеуіміздің мақсаты болып табылады.

Аннотация пен тірек сөздер ғылыми зерттеудің нәтижесі болып табылатын ғылыми мақалада бейнелеу құралы қызметін атқарады. Қазақстандық ғылыми басылымдардағы ғылыми мақаладағы ағылшын тіліндегі аннотация шетелдік ғалымдар үшін осы зерттеу жұмысы туралы ақпараттың негізгі және көбінесе жалғыз көзі болып табылады.

Ғылыми мәтінді, атап айтқанда қазақ/орыс тілінен ағылшын тіліне ғылыми мәтін ретінде аннотацияны аудару үдерісіне жеткілікті зерттеу болмағандықтан осы мәселеге зерттеушілік қызығушылықтың туындауына себеп болды.

Мақалада қазақ тілді/орыс тілді авторлардың ғылыми мақалаларының мәдени-тілдік ерекшеліктері көрсетіліп, ғылыми мақала, оның ішінде ғылыми аннотация жазуда қалыптасқан академиялық дәстүрлер көрсетіледі. Қорытындылар мен тұжырымдар қазақстандық ғылыми журналдарда жарияланған ғалымдардың ғылыми аннотациялардың құрылымын талдауға негізінде жасалған.

Жүктелулер

Как цитировать

Kuzar, Z. N., & Kuldeeva, G. I. (2023). Ғылыми мақаланың аннотациясы: аударма аспектілері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 188(4), 211–222. https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.021

Шығарылым

Бөлім

Теория перевода