Әзірбайжан ғылыми фантастика әдебиетіндегі көрнекті болжамдар
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.015Аннотация
Мақалада әзірбайжан әдебиетінде жазылған фантастикалық шығармалар негізін құрайтын факторлардың бірі - болжау тақырыбы кеңінен және жан-жақты қамтылып, оларға тарихи-ғылыми баға берілген.
Әзірбайжандық ғылыми-фантастикалық шығармалар Батыс Еуропа ғылыми-фантастикалық әдебиетімен тығыз байланыста дамып, осы салада белгілі жетістіктерге жетті. Болжам – фантастикалық шығармалардың негізгі тақырыптарының бірі екені белгілі.
Мақалада Ю.В. Чаманзаминлидің «Болашақ қаласында» сипатталған маңызды болжамдар талданады, сонымен қатар «RT-1», «Мұғандағы полярлық шағылыс», «Миссуридегі су тасқыны» «Өмір симфониясы», Эмин Махмудовтың «Ғалам кемесі», Намиг Абдуллаевтың «Кішкентай кибердің шытырман оқиғалары» және өзге де жазылу мерзімімен сәйкес келетін болжамдар ашылып, талданады. Ю.В. Чаманзаминлидің «Болашақ қала» шығармасында интернет арқылы қашықтан тексеру мен емдеудің тиімді әдісін болжады; жасанды жаңбырдың мүмкіндігі; қазіргі заманғы техниканың соңғы жетістігі болып табылатын, қазіргі уақытта қолданылып жүрген көліктерде қауіпсіздік датчигі орнатылған арнайы құрылғы, саяси және қоғамдық ақпараттарды, қала оқиғаларын, ауа райы туралы хабарландыруларды көрсететін электронды билбордтар мен мониторлар; УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу, КТ – компьютерлік томография, бүйрек тастарын лазермен ұсақтау сияқты медициналық жаңалықтар; жүрек пен бауыр сияқты органдарды трансплантациялау, жасанды көз және басқа да жаңа технологиялар туралы болжамдарды кездестіруге болады.