Алтынның мәдени концептісі / А.С. Пушкиннің поэтикалық шығармаларындағы шығармаларындағы «алтын»
Аннотация
Мақалада А.С.Пушкиннің поэтикалық шығармаларындағы «алтын» лингвомәдени концептісінің қолдану анализі көрсетілген. «Концепт» терминінің когнитивті және мәдени тұрғыдан теориялық зерттелу базасы қарастырылған. Еңбекте нақты материалдың үздіксіз үлгісі мен когнитивті анализдің тәсілі қолданылған. Лексикография мен Пушкин шығармаларындағы берілген концептінің тілдік өрнекті тәжірибелік зерттеу кезеңдері анықталған.
Александр Пушкиннің поэтикалық мәтіндердегі концептінің жоғарғы жиілігі зерттеу жұмысының өзектілігіне негізделген. «Алтын» концептісі зерттелген мәтіндерде тура да, ауыспалы мағына да кездеседі. Мағынаның бұл екі түрі кездесетін мәтіндер зерттелген. «Алтын» сөзінің контекстік бейнелі мағыналарын талдау жағымды-жағымсыз коннотацияларды жасау ерекшеліктерін сипаттауға, түсті лексемалардың берілу түрлілігін қайта анықтауға, олардың символикалық мағыналарын жалпылай сипаттауға мүмкіндік береді.
Түстік сын есімдердің көпқырлы және көпмағыналы болған кездегі түр-түс жасау семантикасының кеңеюі, оның ауыспалы-бейнелі қолдану жағдайлары анықталған. Жүргізілген зерттеу жұмысы А.С.Пушкиннің поэтикалық шығармаларында «АЛТЫН» концептісінің оның поэзиясына жағымды әрі жарқын атмосферасын құруға ықпал етеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: Орыс поэзиясы, мәдени концепциясы, алтын, символ, түсті бейне, түс семантикасы