Модальділік категориясының типологиясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.07
        93 384

Аннотация

Мақалада күрделі семантикалық категория саналатын модальділікке қатысты типология жасау және оның ұстанымдары қарастырылады. Кез келген сөйленімге  модальдік реңк тән болып келеді. Модальдік мағына сөйлемнің бейтарап негізі саналатын пропозицияға түрлі қосымша мағына үстеп, қарым-қатынасты жандандыруға ықпал етеді. Сөйленім іс-әрекеттің іске асуының мүмкіндігін болжайды, міндеттілігін, қажеттілігін анықтап, сөйлем субъектісінің сөйленімде берілген іс-әрекетті орындай алуға қабілетінің бар-жоғын, қалауы және басқа да түрлі үстемелі мағыналармен зерделенеді. Осы сөйленім реңкінің әр алуандығы және бұл реңктердің субъектінің көзқарасына тәуелділігі модальділік категориясының өзектілігі мен күрделілігін анықтайды. Сондықтан модальділік категориясының мәнін дұрыс тану мен түсіну сала мамандары үшін ғана емес, тілді тұтынушылар үшін де маңызды. Философия мен логикадан бастау алып,  лингвистикада жалғасын тапқан модальділік категориясына қатысты өзекті мәселелердің бірі – модальділік категориясының типологиясы. Бұл еңбекте мақала тақырыбына қатысты отандық және шетелдік тіл біліміндегі зерттеулер жан-жақты талданып, аталған категорияның теориялық негізін анықтау мақсаты қойылды. Жасалған талдаулар негізінде модальділік категориясының мазмұны, субъкатегориялары көрсетіліп, осы саладағы типологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы талдаулар мақалаға ғылыми теориялық негіз болды. Зерттеу барысында сипаттама, талдау, қорыту, салыстыру әдістері қолданылды. Нәтижесінде модальділік категориясы сөйлем пропозициясына үстелген мағыналық реңктер ретінде түсіндіріліп, олар қажеттілік және мүмкіндік ұғымдары тұрғысынан зерделенді. Модальділіктің ішкі және сырқы, эпистемологиялық модальділік түрлері ажыратылып,  олар қажеттілік және мүмкіндік парадигмалары негізде жіктелді.

Жүктелулер

Как цитировать

Yeshniyaz, G. S., Zholshayeva, M. S., & Alimtayeva, L. T. (2023). Модальділік категориясының типологиясы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 188(4), 60–70. https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.07

Шығарылым

Бөлім

Языкознание