Жанама коммуникациядағы манипуляциялық әсердің жүзеге асырылуы

Авторлар

  • N. B. Kaldybekova Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана, Казахстан, Алматы http://orcid.org/0000-0002-7036-5182
  • А. А. Zagidullina Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана, Казахстан, Алматы http://orcid.org/0000-0001-8221-8932
  • А. S. Seidikenova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан http://orcid.org/0000-0002-6122-808X

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.08
        78 112

Аннотация

Мақалада саяси дискурстағы жанама коммуникация мәселесі сөйлеу манипуляциялық әсерінің жүзеге асырылуы арқылы айқындалады. Жанама коммуникация заманауи тілдік зерттеулердің ең белсенді бағыттарының біріне жатады.

Соңғы уақытта коммуникативті мағынаны білдірудің жанама тәсілдері сөйлеу манипуляциялық әсерінің жүзеге асырылуымен байланысты.

Саяси дискурстағы сөйлеу манипуляциялық әсері туралы біздің түсінігіміз тілді ойлау құралы, адам, мәдениет және қоғам туралы білім алу құралы ретінде түсінуден, ал дискурсты әлеуметтік құрылымдардан туындайтын және оны тудыратын әлеуметтік тәжірибе ретінде түсінуден туындайды.

Бұл мақала тақырыбының өзектілігі ғылыми қоғамдастықта да, жалпы қоғамда да саяси дискурсқа деген тұрақты қызығушылықпен ғана емес, сонымен қатар дискурстың аталған түрін жанама коммуникацияның сөйлеу манипуляциялық әсерімен тығыз қарым-қатынасын зерттеудің қажеттілігін көрсететін факторлармен де байланысты.

Мақалада сөйлеу манипуляциясы прагмалингвистика аясында психологиялық әсер ретінде, сонымен қатар когнитивтік лингвистика тұрғысынан да қарастырылады. Мақалада Д.Трамп пен Х.Клинтонның сайлауалды және кезекті көпшілік алдында сөйлеген сөздерін фонетикалық(дыбыстың акустикалық талдауы және үннің спектралды талдауы), морфемді-морфологиялық және лексикалық деңгейлерде сөйлеу манипуляциялық әсерін анықтауға бағытталған талдау нәтижелері ұсынылған.

Түйін сөздер: жанама коммуникация, манипуляция, сөйлеу әсері, дискурс, саяси дискурс.

Жүктелулер

Как цитировать

Kaldybekova, N. B., Zagidullina А. А., & Seidikenova А. S. (2023). Жанама коммуникациядағы манипуляциялық әсердің жүзеге асырылуы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 188(4), 71–80. https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.08

Шығарылым

Бөлім

Языкознание