Метафораның тілтанымдық жүйедегі қызметі мен рөлі

Авторлар

        70 685

Аннотация

Құрылымдық тілтанымда метафора  бейнелеуіш-көріктеуіш құрал ретінде көркем және публицистикалық стильге қызмет ететін бейнелі сөз ретінде танылып келді. Бірақ метафораның атаужасамдық қызметіне, адамның менталды әрекеттерін (ассоциациясын, стереотиптерін) тіл арқылы жарыққа шығаратын құрал екеніне аса мән бермедік. Метафораның ақиқат дүниені танытушы қасиетін,  соның ішінде жалпыадамзаттық логикалық танымды (дүниенің қарабайыр бейнесін), ұлттың стереотиптік танымын (дүниенің ұлттық бейнесін), сондай-ақ  халықтың аялық білімінен, эстетикалық талғамынан, т.б. жиналған ақпараттық танымын (дүниенің концептуалды бейнесі) білдіретін әмбебап бірлік екенін тіл біліміне адамтанымдық парадигма енгенде анықтала бастағаны да айқын. Осы тұрғыдан алғанда метафораның қызметтерін жіті зерттеу және оның тілдік қорды байытуға, сақтауға ықпалын анықтау жұмысымыздың мақсатты алғышарттарының бірі болды.  Сондықтан мақалада метафораның адамтанымдық, мәдениеттанымдық қызметтерін анықтамас бұрын тілтанымдық жүйедегі қызметтерін ажыратып көрсетуді мақсат еттік.

Құрылымдық лингвистика аясында метафора ұқсату заңының вербалданған көрінісі, тілдік жүйедегі мағыналарын анықтаумен ғана шектелді. Ал адамның ойлау жүйесінде қалай қалыптасады, оған адамның білімі, көңіл күйі, сол ақиқат дүниені тану деңгейі жайында, яғни метафора тіл болып жарыққа шыққанға дейінгі ойлау операциясындағы үдерістер зерттелмеді. Сондықтан мақалада бұл үдерістерді зерттеу үшін алдымен тілдік метафораның рөлін, қызметтерін зерттеу аса маңызды екені дәлелденеді.

Жүктелулер

Как цитировать

Beknazarova, U. U. (2023). Метафораның тілтанымдық жүйедегі қызметі мен рөлі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 189(1), 21–30. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4161