Сөз этикетіндегі қаратпалардың қызметі (қазақ және татар тілдері негізінде)

Авторлар

        108 274

Аннотация

Мақалада туыстық белгілері жағынан түркі тілдер қатарына жататын қазақ және татар тілдерінің сөз этикеті жүйесіндегі қаратпалардың қызметі қарастырылады. Түркі тілдерінде қаратпалардың қолданылу  жүйесі ерекше дамыған. Олар сөйлеушінің өзара таныстық дәрежесіне, түрлі әлеуметтік жағдайларға, коммуниканттардың көңіл-күйіне, коммуникативті-прагматикалық мақсаттарына қарай құбылып отырады. Әр халықтың сөз этикеті ол елде қалыптасқан салт-дәстүрмен, ұлттық сана ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Оған әр халықтың этикет жүйесіне талдау жасау арқылы ғана көз жеткізуге болады. Қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасы сөйлеу этикетінің белгілі бір қалыптасқан ережелері мен нормаларын сақтауды талап ететіні анық. Қаратпалар үшін де этикет нормаларын сақтау ерекше маңызды. Оларды сөз этикетінің құрамында талдау – бір елдің мәдениетін зерттеудің үлкен мүмкіндігі, нақты құралы.  Зерттеуде екі тілдегі қаратпалардың кейбір әлеуметтік жағдаяттарда жұмсалу ерекшеліктері талданады. Тілдік бірліктерге талдау жасауда функционалдық-семантикалық талдау, жинақтау, тұжырым жасау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде қазақ және татар мәдениеттеріндегі қаратпа формаларын қолданудың көбіне ұқсас белгілерінің көптігі анықталды. Салыстырмалы талдау бейтаныс адамдардың коммуникациясында да туыстық атаулардың жиі қолданылатынын, ал жақын адамдардың қарым-қатынасында эмотивті лексиканың қаратпа ретінде актив қолданыста екенін  көрсетеді.

Кілт сөздер: қазақ тілі, татар тілі, сөз этикеті, қаратпалар, туыстық атаулар

 

Жүктелулер

Как цитировать

Yebelekbayeva, A. K., & Smagulova, G. N. (2023). Сөз этикетіндегі қаратпалардың қызметі (қазақ және татар тілдері негізінде). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 189(1), 102–112. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4164

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають